Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 19/03 қаулысы. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2007 жылғы 18 мамырда N 8-15-66 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 05 қаңтардағы N 01/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2012.01.05 N 01/01 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-4 тармақшасының18-1 бабының негізінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы, 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2009.04.28 N 12/36 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынушы жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі бекітілсін.
      2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Н.И. Плотникова) нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен шартқа отыруға уәкілетті болып табылсын.
      3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Н.И. Плотникова):
      1) уәкілетті органда тіркелген, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмыс берушілер құрған әлеуметтік жұмыс орындарына жіберсін;
      2) осы мақсатқа әр жылға арналған республикалық және аудандық бюджеттерінде көзделген қаражат шегінде жұмыс берушінің жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынның ішінара төлемін өтесін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2009.04.28 N 12/36 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Нүркен Сейфиддинұлы Көбжановка жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі                   О. Қаппасов

Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 19/03 қаулысына қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу
ТӘРТІБІ

      1. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушімен нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен жұмыс берушілердің еңбекақы төлемі шығынына ішінара өтемақысы төленетін шарттық негізде құрылады.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу келесі өлшемдер бойынша белгіленеді:
      1) әлеуметтік жұмыс орындары нысаналы топтарға жататын жұмыссыздар үшін әдейі арналады;
      2) әлеуметтік жұмыс орындарының жұмысы уақытша сипатта болады жэне оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады