Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 19/03 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 12/36 қаулысы. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 02 маусымда N 8-15-103 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 05 қаңтардағы N 01/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2012.01.05 N 01/01 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 19/03 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-15-66 болып тіркелген, "Сельский труженик" аудандық газетінің 2007 жылғы 26 мамырдағы N 21 санында жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілісін:
      қаулының мәтініндегі "жергілікті мемлекеттік басқару" сөздер "және өзін-өзі басқару" сөздерімен толықтырылсын;
      3 тармағы 2 тармақшасындағы "аудан бюджетінде" деген сөздер "республикалық және аудандық бюджеттерінде" деген сөздерге ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нүркен Сәйфиддинұлы Көбжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 мамырынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.

      Осакаров ауданының әкімі                   О. Қаппасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады