"2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 19/347 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 15 маусымдағы N 24/401 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 27 маусымда N 1969 тіркелді

     Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексіне , " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы " Қазақстан Республикасының Заңына және " Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы " Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 338 Жарлығына сәйкес облыстық мәслихат  ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 19/347  шешіміне  ("2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2006 жылға 12 желтоқсандағы N 19/347 шешімі, нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк Тiркеу тiзiлiмiнде N 1962 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2007 жылғы 6 қаңтардағы N 4-санында жарияланған; "2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы" облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 19/347 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" облыстық мәслихаттың 30 қаңтардағы 2007 жылғы N 20/352 шешімі, нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк Тiркеу тiзiлiмiнде N 1965 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2007 жылғы 17 ақпандағы N 28-29-санында жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "1. 2007 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін:
      1) кірістер - 49 153 116 мың теңге, оның ішінде:
      салықтық түсімдер бойынша - 33 385 291 мың теңге;
      салықтық емес түсімдер бойынша - 48 698 мың теңге;
      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 200 мың теңге;
      трансферттер түсімдері бойынша - 15 723 927 мың теңге;
      2) шығындар - 49 293 574 мың теңге;
      3) операциялық сальдо - 140 458  мың теңге;
      4) таза  бюджеттік  кредит беру - 275 508 мың теңге, соның ішінде:
      бюджеттік кредиттер - 600 000 мың теңге;
      бюджеттік кредиттерді өтеу - 875 508 мың теңге;
      5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 233 680 мың теңге, соның ішінде:
      қаржы активтерін сатып алу - 240 680 мың теңге;
      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 7 000 мың теңге;
      6) бюджет тапшылығы - 98 630 мың теңге;
      7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 98 630 мың теңге".
      2-тармақтың 1) тармақшасында:
      екінші абзацтағы "100" саны "91,6" санымен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы "100" саны "54,1" санымен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы "100" саны "37,5" санымен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтағы "7,7" саны "8,8" санымен ауыстырылсын;
      2-тармақтың 2) тармақшасында:
      "Ақтау қаласына - 100 пайыз" жолы алынып тасталсын.
      2-тармақтың 3) тармақшасында:
      ", Ақтау және Жаңаөзен қалаларына" сөзі "және Жаңаөзен қаласына" сөзімен ауыстырылсын.
      2-тармақтың 4) тармақшасында:
      екінші абзацтағы "100" саны "84,7" санымен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы "100" саны "54,1" санымен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы "100" саны "37,5" санымен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтағы "8,7" саны "8,8" санымен ауыстырылсын.

      2. 3-тармақта:
       "2 390 955" саны "3 244 406" санымен ауыстырылсын;
      келесі мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын "Ақтау қаласы -853 451 мың теңге".

      3. 4-тармақта: 
      "теңге" сөзінен кейін "және Мұнайлы ауданына - 617 954 мың теңге" сөзімен толықтырылсын.

      4. 6-9 тармағында:
      үшінші абзац мына редакцияда жазылсын:
      "216 366 мың теңге - "Тұщықұдық - Шебір" автожолының құрылысына;
      төртінші абзац алынып тасталсын.

      5. 6-10 тармағында:
      үшінші абзацтағы "203 721" саны "509 415" санымен ауыстырылсын;
      келесі мазмұндағы төртінші және бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "55 198 мың теңге - электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға";
      "1 270 620 мың теңге - білім беру объектілерін дамытуға". 

      6. келесі мазмұндағы 6-12 тармағымен толықтырылсын:
      "6-12. 2007 жылға арналған облыстық бюджетте сыйақының нөлдік мөлшерлемесі (мүддесі) бойынша 2005 жылы тұрғын үй салу үшін бөлінген займды жабуға республикалық бюджетке сомасы 500 000 мың теңге қаражат қарастырылғаны ескерілсін". 

      7. 7-тармақта:
      "9 274" саны "6 277" санымен ауыстырылсын;
      "1 500" саны "1 291" санымен ауыстырылсын;
      "4 599" саны "5 441" санымен ауыстырылсын;
      "23 559" саны "46 966" санымен ауыстырылсын;
      "14 500" саны "23 500" санымен ауыстырылсын;
      "130 548" саны "128 880" санымен ауыстырылсын;
      "16 035" саны "14 820" санымен ауыстырылсын;
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "30210 мың теңге - мемлекеттік жалпы білім беру ұйымдарын ағымдағы және күрделі жөндеуге";
      келесі мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "28 245 мың теңге - 2007 жылғы 1 қыркүйекте жалпы білім беру ұйымдарына 1 сыныпқа баратын балаларға арналған бір үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз етуге".

      8. 8-тармақта:
      "39 400" саны "38 065" санымен ауыстырылсын;
      "103 861" саны "100 948" санымен ауыстырылсын;
      келесі мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "160 000 мың теңге - білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға".

      9. 9-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "Облыстық бюджетте елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуге төмендегі бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттер қаралғаны ескерілсін, атап айтқанда:
      Мұнайлы ауданына - 15 000 мың теңге;
      Түпқараған ауданына - 9 000 мың теңге".

      10. 12-тармақта:
      "106 205" саны "99 307" санымен ауыстырылсын.  

      11. Аталған шешімге 1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 12 қосымшалар осы шешімнің 1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 12 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      12. Осы шешімнің 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 3-бабы және 9-баптың екінші абзацынан басқасы 2007 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

       Сессия төрағасы
       
      Облыстық мәслихат 
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады