Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 30 шешімі. Қостанай облысы әділет департаментінде 2008 жылғы 8 қаңтарда № 3584 тіркелді. Күші жойылды - іс-әрекет мерзімі өткендігі бойынша Қостанай облысы мәслихатының 2011 жылғы 13 қаңтардағы № 10 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - іс-әрекет мерзімі өткендігі бойынша Қостанай облысы мәслихатының 2011.01.13 № 10 хатымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238 - бабының 3 - тармағын, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  18 - бабының 4 - тармағын орындау мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6 - бабының 1 - тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты  ШЕШТІ:

      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда 2008 жылға арналған облыстық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Екінші сессиясының төрағасы

      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы

      КЕЛІСІЛДІ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады