Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6- бабы 1- тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11 бабының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясынөөзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысына, Шарбақты ауданының мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 27 сәуiрдегi N 166/28 бiрлескен шешiмiне, облыстық ономастика комиссиясының 2007 жылғы 12 наурыздағы қорытындысына, облыс әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 28 қазандағы "Павлодар облысы Шарбақты ауданы Алексеевка селолық округінің "Степное" селосын қайта атау туралы" N 247/8 қаулысына сәйкес және тұрғындардың пiкiрлерiн ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI :
1. Шарбақты ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Шарбақты ауданының Алексеевка селолық округiнiң "Степное" селосы "Бөрiктал" ауылы болып қайта аталсын.