Арнайы қалалық жәрдемақы туралы

Күшін жойған

ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс IІІ сессиясының 2007 жылғы 11 қазандағы N 16 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2007 жылғы 16 қазанда N 757 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы N 204 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 12.09.2013 N 175 шешімімен.
      Қалпына келтірілді - Алматы қаласы мәслихатының 18.12.2013 N 890 хатымен.
      Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 18.02.2014 N 204 хатымен.

      2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 52 бабы 1 тармағының 5 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес, жеке санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алматы қаласында тұрақты тұратын азаматтардың мына санаттары үшін 1,0 айлық есептік көрсеткіш көлемінде арнайы қалалық жәрдемақы белгіленсін:
      арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын зейнеткерлерге;
      арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, бірақ жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;
      бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі созылмалы ауруымен ауыратын, бірінші топ мүгедектеріне;
      Ұлы Отан Соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медалдарымен марапатталған тұлғаларға, сонымен қатар 1941 жыл 22 маусым - 1945 жыл 9 мамыр аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет жасаған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медалдарымен марапатталмаған тұлғаларға.
      2. Жәрдемақының тағайындалуы үшін алғаш рет өтініш берген азаматтарға жәрдемақы тұрақты тұратын жерінде тіркелуі бойынша Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің аудандық басқармаларына (әрі қарай - аудандық басқарма) мына  құжаттарды өткізген күннен бастап тағайындалады:
      1) Өтініш;
      2) Жеке куәлігінің көшірмесі;
      3) Жәрдемақы алу құқығын беретін құжаттардың (зейнетақы немесе мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушының куәлігі) көшірмелері;
      4) Салық төлеушінің тіркелім нөмірі куәлігінің (СТН) көшірмесі;
      5) Тұрақты тұратын жері бойынша тіркелімін растайтын құжаттың (азаматтарды тіркеу кітабы) көшірмесі;
      6) Жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті органдардағы шот нөмірі туралы мәлімет.
      Жәрдемақының тағайындалуы үшін қажетті құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Жәрдемақы алушының жеке ісіндегі құжаттар бойынша бұрын тағайындалған жәрдемақының мөлшерін қайта қарауды аудандық басқарма жүзеге асырады.
      3. Жәрдемақы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын тұлғаларға тағайындалмайды және төленбейді.
      4. Жәрдемақы ағымдағы ай үшін төленеді және жәрдемақы алушының қайтыс болған кездегі айы қоса есептеледі.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы Мәслихатының 2008 жылғы 6 наурыздағы N 87 шешімімен.
      5. 1999 жылғы 14 мамырдағы І сайланған Алматы қалалық маслихаты ХХV сессиясының "Арнайы қалалық жәрдемақы туралы" шешімінің (1999 жылы 11 маусымда нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 59 болып тіркелген) күші жойылды деп саналсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі Алматы қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясына және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктелсін.
      7. Осы шешім Алматы қаласы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты ІІІ сессиясының
      төрағасы                                   Л. Бекмағамбетова     

      ІV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                       Т.Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады