Арнайы қалалық жәрдемақы туралы

Күшін жойған

Алматы қалалық Мәслихатының шешімі І сайланған ХХV сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы Алматы қалалық Әділет басқармасымен 1999 жылғы 11 маусымда N 59 тіркелді. Күші жойылды - ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс IІІ сессиясының 2007 жылғы 11 қазандағы N 16 шешімімен

       Күші жойылды - ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс IІІ сессиясының 2007 жылғы 11 қазандағы N 16  шешімімен

      "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiк беру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының»кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"  Z990374_  Қазақстан Республикасының»Заңына сәйкес және тұтыну бағалары индексiнiң өсуiне байланысты халықтың аз қамтамасыз етiлген жiктерiне (зейнеткерлерге) әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты 
                    ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ: 
      1. 1999 жылғы 1 мамырдан бастап Алматы қаласының аумағында тұрақты тұратын және арнайы мемлекеттiк жәрдемақы алу құқығы жоқ тұлғалардың тiзбесiне енбеген зейнеткерлерге айлық есептемелiк көрсеткiштiң 0,5 көлемiнде арнайы қалалық жәрдемақы белгiленсiн. 
      2. Қалалық қаржы басқармасы (Қ.Қ.Тәжiбаев) арнайы қалалық жәрдемақы төлеу жөнiнде шығындарды ескерiп, оларды жабу көздерiн анықтасын. 
      3. Алматы қаласының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi арнайы қалалық жәрдемақы туралы Ереженi әзiрлеп, оны Алматы қаласының қаржы басқармасымен келiсетiн болсын. 
      Алматы қаласының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк 

 

қорғау департаментi 1999 жылдың 20 мамырына дейiн арнайы қалалық 

жәрдемақы тағайындауды аяқтасын және 1999 жылғы 1 маусымнан оның 

төлеудi қамтамасыз етсiн.

     4. I сайланған Алматы қалалық Мәслихатының "Азаматтардың 

жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру тәртiбi туралы" 1997 жылғы 

7 сәуiрдегi ХIҮ сессиясы шешiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.

     

     I сайланған Алматы қалалық

     Мәслихаты ХХҮ сессиясының 

     төрайымы                               

 

     I сайланған Алматы қалалық

     Мәслихатының хатшысы                 

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады