Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі ережелерді, жер учаскелеріне, ғимараттарға реттік нөмерлерін беру талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 2 қазанда N 227 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет Департаменті 2007 жылғы 6 қарашада N 1657 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы N 335 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012.11.23 N 335 Қаулысымен

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 21-3) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртiбiн жүргiзу жөнiндегi ережелерi, жер учаскелерiне, ғимараттарға және имараттарға реттiк нөмiрлерiн беру талаптары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.Н. Балахонцевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші жарияланған күннен бастап, он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

Солтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң
2007 жылғы 2 қазандағы N 227 қаулысымен
бекiтiлдi           

Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртiбiн жүргiзу жөнiндегi ережелерi, жер учаскелерiне, ғимараттарға және имараттарға реттiк нөмiрлерiн беру талаптары

Осы Елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртiбiн жүргiзу жөнiндегi ережелердi, жер учаскелерiне, ғимараттарға және имараттарға реттiк нөмiрлерiн беру талаптары (iлгерiде - Ереже) СҚО елді мекендерін, алаңдарды, даңғылдарды, бульварларды, көшелердi, тұйық көшелердi, саябақтарды, скверлердi, көпiрлердi және қала мен елдi мекендердiң басқа құрамдық бөлiктерiн атау және қайта атау берудің бірыңғай тәртібін белгілеу мақсатында, атаулардың ғибарасын өзгерту, жер учаскелерi, ғимараттар және имараттардың реттiк нөмiрлерiн беру талаптарын айқындау, көрсеткiштердi орнату және пайдаланудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлеу мақсатында әзiрлендi.

1-бөлiм. Негiзгi ережелер

      Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2009.10.07 N 251 Қаулысымен

1-тарау. Ережеде қолданылатын түсiнiктер

Осы ережеде келесi түсiнiктер қолданылады:
      мекен-жай - қалалар және елдi мекендердiң белгiленген шекаралары  шегiнде, жергiлiктi орындағы (жер учаскесi, ғимараттар, имараттар) объектiнiң орналасу (орналасқан жерi) деректемелерiнiң жиынтығын құрылымдық бейнелеу.
      аллея - еңбек орындарымен, қызмет көрсететiн мекемелер және кәсiпорындармен, жаяу жүргiн байланысын қамтамасыз ететiн, соның iшiнде, қоғамдық орталықтар, демалыс орындары және қоғамдық көлiктердiң аялдама пунктерi шегiндегi негiзгi және екiншi дәрежедегi жаяу жүргiн көше немесе жол;
      бульвар - жергiлiктi маңыздағы көшелер немесе жолдар, қарсы көлiктiк ағымдар, ол орман саябағының екпе ағаштарымен, жаяу жүргiн жолдарымен бөлiнген;
      қосымша салынған объектiлер -  ғимарат (имарат) қасбетiн қайта жаңартусыз ғимараттар және имараттарда ұйымдастырылған және бөлек кiру есiгiн ұйымдастыру объектiлерi, мұнда ғимараттың (құрылыстың) қайта құрылған бөлiгiнiң функционалдық мақсаты өзгертiлуi мүмкiн;
      ғимарат - адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк процестердi орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетiне салынып, тұйық көлемдi құрайтын, тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылыс. Ғимарат жер астындағы бөлігi болуы мүмкiн.
      қала құрылысы элементтерiнiң санаты - функционалдық қала құрылысының мақсаты және объектiнiң (ықшам аудан, ғимарат, имарат, көпiр, көлiктiк байлау (сақина), фонтан, шоссе, трасса, даңғыл, көше, бульвар, аллея, қысқа көше, тұйық көше, тұйық және т.б.) ерекшелiктерiн сипаттайтын қала құрылысының элементтерi атауларының бiртұтас бөлiгi;
      квартал - магистралдық көшелермен, тұйық көшелермен бөлiнбеген қосымша құрылыстың құрылымдық элементтерi;
      ландшафтық-рекреациялық аумағы - қалалық ормандарды, орман саябақтарын, орманды қорғау аймақтарын, суқоймаларын, ауылшаруашылық мақсаттағы жерлердi және тағы басқа жерлер, ол қоныстану аумағында орналасатын саябақтармен, бақтармен және бульварлармен бiрге қосылып, ашық кеңiстiк жүйесiн қалыптастырады;
      реттелетiн қозғалыстың магистралдық жолдары - тұрғын үй құрылысынан тыс жүзеге асырылатын, жүк қозғалысының басым көпшiлiгi, бөлек бағыттарда және учаскелерде қаланың аудандары аралығындағы көлiктiк байланысты қамтамасыз ету үшiн көзделген жолдар; сыртқы автомобиль жолдарына шығуды қамтамасыз етедi. Бiр деңгейде көшелер және жолдармен қиылысады;
      жылдам қозғалыстың магистралдық жолдары - сыртқы автомобиль жолдарына, аэропорттарға, жаппай демалыстың iрi аймақтарына және елдi мекендерге шығуды қамтамасыз ететiн өнеркәсiптiк және жоспарлық аудандар арасындағы жедел көлiктiк байланысты қамтамасыз етуге көзделген жолдар. Әр түрлi деңгейде магистралдық көшелер және жолдармен қиылысады;
      жалпы қалалық маңыздағы магистралды көшелер:
      үздiксiз қозғалыс - тұрғын, өнеркәсiптiк аудандар және қала орталығы, сонымен қатар, басқа магистралдық көшелер, қалалық және сыртқы автомобильдiк жолдар арасындағы көлiктiк байланысты қамтамасыз етуге көзделген көшелер. Түрлi деңгейде негiзгi бағыттар бойынша көлiк қозғалысын қамтамасыз етедi;
      реттелетiн қозғалыс - тұрғын, өнеркәсiптiк аудандар және қала орталығы, жоспарлық аудандардың орталықтары арасындағы көлiктiк байланысты қамтамасыз етуге көзделген көшелер; магистралдық көшелер мен жолдарға және сыртқы автомобильдiк жолдарға шығу. Бiр деңгейде, магистралдық көшелермен, жолдармен қиылысады;
      аудандық маңыздағы магистралдық көшелер - қаланың тұрғын аудандары арасындағы көлiктiк және жаяу жүргiн байланысты қамтамасыз етуге көзделген көшелер, сонымен қатар, тұрғын, өнеркәсiптiк аудандар және қала орталығы; басқа магистралдық көшелерге шығу, сондай-ақ, жоспарлық аудандар шегiнде, жаяу жүргiн және көлiктiк байланысты қамтамасыз ету (қоғамдық жолаушы көлiгi басым);
      ықшам аудан - қосымша құрылыстың қаланы құрайтын құрылымдық-жоспарлық элементi, ол магистралдық көшелермен бөлiнбеген, белгiленген шекарада қоныстану, өндiрiстiк, немесе ландшафтық-рекреациялық аумақ болып табылады;
      атау - аудандарға, ықшам аудандарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, алаңдарға және оларды бөлуге және тануға қызмет ететiн басқа құрылымдық элементтерге берiлетiн меншiктi атау;
      ономастикалық комиссия - жағрафиялық объектiлердiң атауына және олардың атауларын өзгертуге бiрыңғай көзқарас қалыптастыру, атауларды қолдану және есепке алуды ретке келтiру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру және сақтау мақсатында ономастика саласында мемлекеттiк тiл саясатын iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн қала және облыс әкiмдiгi құрайтын консультативтiк-кеңестiк орган;
      сәулет органы - сәулет және қала құрылысы саласында реттеудi жүзеге асыруға әкiм өкiлдiк берген, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
      тiлдерді дамыту жөнiндегi орган - тiлдерді дамыту саласында мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыруға әкiмдікпен өкiлдендірілген, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
      саябақ - қаланың селитебтi аумағында ұйымдастырылған және жаппай халықтың демалысы үшiн көзделген жалпы қолданыстағы тұйық шекаралармен анықталған бөлек көгалдандырылған қалалық аумақ;
      бұрылыс көше, қысқа көше - аудандардың, ықшам аудандардың, кварталдардың iшiнде тұрғын және қоғамдық ғимараттарға көлiк құралдарына жол ашуды қамтамасыз ететiн негiзгi немесе екiншi дәрежедегi қысқа көше, ол екi көше арасынан өте алатын  көлiктiк байланысты қамтамасыз етедi (екi "т"- түрiндегi қиылысты құрайды).
      алаң - атауы берiлген, тұйық шекарасы бар қала құрылысының элементi;
      объектiнiң реттiк нөмiрi - объектiнiң мекен-жай құрылымының элементi: қосымша құрылыс (көше, ықшам аудан және т.б.) аумағының қала құрылысы объектiсiнiң атауы бар, сол немесе басқа құрылымдық элементтерге жатқызылатын нышандары негiзiнде объектiге берiлетiн, әрiптердi және (немесе) бөлшектердi қосу мүмкiндiгi бар, сан реттерiнен тұратын, объектiнiң жай нөмiрi;
      жапсаржай объектiлерi - өздiк функционалдық мақсаттағы ғимаратқа, имаратқа қосымша үй-жайды салу жолымен ғимараттарда және имараттарда ұйымдастырылған объектiлер;
      детальдық жоспарлау жобасы (ДЖЖ) - функционалдық-қала құрылысын зоналауды айқындалуымен бірге, аумақтың жоспарлық ұйымдастыруының негiзгi бағытын белгiлейтiн бас жоспар негiзiнде орындалған, аумақтың қосымша құрылысын жоспарлау жобасы; қосымша құрылыстың қызыл жолақтары және реттеу жолақтары; халықтың әлеуметтiк, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектiлерiн орналастыруға аумақты резервiлеу; көшелiк-жол желiлерi және көлiктiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру, инженерлiк коммуникацияларды трассалау; көшелердiң көлденең профилi; аумақты көркейту және көгалдандыру; көпшілік қала құрылысының сервитуттары және басқа талаптары;
      өндiрiстiк аумақ - өнеркәсiптiк кәсiпорындар және олармен байланысты объектiлердi орналастыруға көзделген аумақ, оның тәжiрибелi өндiрiсiн, коммуналдық-қоймалық объектiлерiн, сыртқы көлiктердiң имараттарын қоса отырып, ғылыми мекемелер кешенi;
      даңғыл - магистралдық жолдар немесе жалпы қалалық маңыздағы магистралдық көшелер;
      аудан - әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс туралы заңнамаға сәйкес айқындалған Солтүстiк Қазақстан облысы құрамында әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк;
      тұрғын аудан бағы - саябақ - қоныстану аумағында ұйымдастырылған қала және үш гектардан он гектарға дейiнгi алаңымен халықтың жаппай демалуы үшiн көзделген тұйық шекаралармен анықталған, жалпы қолданыстағы жеке көгалдандырылған қалалық аумақ;
      санитариялық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсiп орындары мен елдi мекендегi басқа да өндірістiк, коммуналдық және қоймалық объектiлердi жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұратын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар және имараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуiн әлсiрету мақсатында бөлiп тұратын аумақ;
      қоныстану аумағы - тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлiк және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөлiктерiн, басқа да объектiлердi орналастыруға арналған, орналастырылуы мен қызметi арнаулы санитариялық-қорғаныш аймақтарын талап ететiндей әсер етпейтiн елдi мекен аумағының бiр бөлiгi;
      сквер - қаланың қоныстану аумағында ұйымдастырылған  және үш гектардан көп емес алаңда халықтың жаппай демалысына көзделген, тұйық шекаралармен айқындалған жекелеген көгалдандырылған жалпы қолданыстағы қалалық аумақ;
      имарат - табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндірістiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiс немесе сызықты (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты) объект. Құрылыс көркемдiк-эстетикалық, безендiру-қолданбалы не  мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн.
      трасса, шоссе - қалааралық көлiктiк байланысты қамтамасыз ететiн қалалық сызықтың шегiнде магистралдық жолдар немесе магистралдық көшелер;
      жергiлiктi маңыздағы көшелер және жолдар:
      саябақ жолдары - саябақ және орман саябақтары аумағының шегiнде, басым көпшiлiкте жеңiл автомобиль қозғалысының көлiктiк байланысын қамтамасыз етедi;
      жаяу жүргiн көшелер және жолдар - еңбек орындарымен, қызмет көрсететiн мекемелер және кәсiпорындармен жаяу жүргiн байланысын қамтамасыз ететiн, қоғамдық көлiктiң демалыс орындары және аялдама пунктерi;
      қысқа көшелер - аудандар, ықшам аудандар, кварталдар iшiндегi тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсiпорындарға және қалалық қосымша құрылыстан басқа объектiлерден көлiк құралдарының жүруiн қамтамасыз етедi;
      тұрғын үй құрылысындағы көшелер - тұрғын аудандар (мөлтек аудандар) аумағында көлiктiк және жаяу жүргiн байланысын магистралдық көшелер және қозғалыспен реттелетiн жолдарға шығуды қамтамасыз ететiн көше;
      ғылыми-өндiрiстiк, өнеркәсiптiк және коммуналдық-қоймалық аймақтардағы (аудандардағы) көшелер және жолдар - аймақтар (аудандар) шегiнде басым көпшiлiкте, жеңiл және жүк көлiктерiнiң көлiктiк байланысын қамтамасыз етедi. Көшелер және жолдардың қиылысы бiр деңгейде орналасады;
      көрсеткiш - белгiленген геометриялық нысандағы түстi графикалық бейнелеу, сәуле түсiретiн, сәуле беретiн, контрасты объектiлердi, материалдарды қолданып жасалған, ол түсiндiрмелi жазудан, сандардан тұратын бейне түрiндегi, сол немесе басқа көшеден, ғимарат немесе имараттың орналасқан жерi, орналасуы туралы ақпаратпен азаматтарды қамтамасыз ету үшiн көзделген;
      қала бөлiгi (қала құрылысының элементi) - аудан, қаладағы, алаңдағы, даңғыл, бульвар, көше, тұйық көше, саябақ, тұрғын ауданының бағы, сквер, көпiр және қаланың басқа құрамдас бөлiгi.

2-тарау. Аудандардың ықшам аудандарына, көшелерге,
даңғылдарға және елдi мекендердiң басқа құрамдық бөлiктерiне,
атау беру (қайта атау), атауларының ғибарасын өзгерту

      Елдi мекендердiң бөлiктерiне атау кеңiстiкте оларды бөлудi және тануды қамтамасыз ету үшiн берiледi.
      3. Елдi мекендердiң бөлiктерiне атау беру келесi кезеңдер бойынша жүргiзiледi:
      сәулет органы тiлдерді дамыту жөнiндегi органға оларға атау берiлмеген немесе кеңiстiктегi орналасқан элементiнiң сызбасын қоса берiп, қала және елдi мекен бөлiктерiнiң тiзiмi; бiр мезгiлде тiзiмдi көрсетiлген тiзiммен бiрге, сәулет органы, жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің (бар болса), сырып тастау салдарынан жойылған көшелердiң тiзiмiн бередi.
      2) тiлдерді дамыту жөніндегі орган қала құрылысы объектiсiнiң атау беру немесе қайта атау мәселесi жөнiндегi арыз-шағымдардың түсу сәтiнен бастап, 15 күн iшiнде облыстың қала бөлiктерi және елдi мекендерiне атау беру (қайта атау) мәселелерiн шешу үшiн ономастикалық комиссияның мәжiлiсiн (мәжiлiстерiн) ұйымдастырады;
      3) ономастикалық комиссия - географиялық объектiлердiң атауына және олардың атауларын өзгертуге бiрыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтiру, Қазақстан Республикасы тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;
      4) қала және елдi мекендердiң бөлiктерiне атау беру (қайта атау) туралы жергілікті атқарушы органдардың және жергілікті өкілетті органдардың ортақ шешiмдері, мiндеттi түрде қала құрылысы элементтерiнiң кеңiстiктегi орналасу сызбасы және оның нақты анықталған шекарасы мемлекеттiк органдарға және басқа да ұйымдарға қоса жiберiледi.
      4. Елді мекеннің бiр бөлiгiне бiрнеше атау беру жіберілмейді. Даңғылдарды (көшелерді, тұйық көшелерді, қысқа көшелерді) отыз градустан асыра бұрған жағдайда есепке алынбайды; бұл жағдайларда қала бөлiгiнiң бұрылыс орнынан жеке атау беру рұқсат етiледi.
      Бiр санаттағы бiрнеше қала құрылысы элементтерiне бiр атау беру рұқсат етiлмейдi.
      5. Қала құрылысы элементiн (даңғылдарды, көшелерді) табиғи бөгеттер (өзендер, сайлар және т.б.) қиған жағдайда, қала құрылысы элементтерін жаңадан жасалатын учаскелерге бөлек атау беру рұқсат етiледi.
      6. Қала аумағын кезеңмен игеру жағдайында, уақыттағы берiлген қала құрылысы элементтерiн нақты қалыптастыру кезеңiне және қосымша құрылысқа сәйкес жекелеген, қисынмен байланысатын атаулар жеке учаскелерде қала құрылысы элементтерiн бөлуге рұқсат етiлмейдi.

3-тарау. Облыстың қалалары және елді мекендерінде жер учаскелеріне, ғимараттарға және имараттарға реттік нөмірлерін беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалануға беру

     7. Облыс қалалары және елді мекендерінде жер учаскелеріне, ғимараттарға және имараттарға реттік нөмірлерін беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалануға беру облыстың қала және елді мекендері аумағында ықшам аудандардың, көшелер, ғимараттар, имараттар және тағы басқа объектілер орнын (орналасуын) анықтаудың бірыңғай жүйелерін қалыптастыру үшін көзделген.
      8. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан әр жер учаскесінің, ғимараттың және имараттың өздік бiрегей мекенжайы болуы тиiс.
      Жер учаскесіне, ғимарат пен имаратқа реттік нөмірді беру ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті сәулет органдарымен жүргізіледі.
      9. Осы ережеге сәйкес реттік нөмір берілетін жылжымайтын мүлік объектілері мыналар:
      1) жер учаскелері (игерілмеген және құрылыс салынған);
      2) ғимараттар;
      3) имараттар.
      10. Облыстың қалалары және елді мекендерінде үйлер, ғимараттар және имараттар қасбетiнде үйлерi, ғимараттары, имараттары, даңғылдары, көшелерi, тұйық көшелер қиылысында, алаң периметрi бойынша келесi тұрпатты көрсеткiштер орналасады
      көше атауларының көрсеткiшi (1, 2, 3 санатты);
      ықшам аудан атауының көрсеткiшi
      көше қиылысында (қиылыста) тiкелей орналасатын көше атауларының
      бұрыштық көрсеткiшi;
      ғимараттың, имараттың реттiк нөмiр көрсеткiшi.
      11. Ғимараттардың және имараттардың реттiк нөмiрін беру, көшелердiң, ықшам аудандардың көрсеткiштерi, облыстың қала және елдi мекендерi аумағында орналасқан көше атауларының бұрыштық көрсеткiштерi, мiндеттi түрде белгiленген тәртiпте бекiтiлген осы Ережеде және тұрпаттық нобайда көзделген техникалық талаптарға сәйкес болуы тиiс.

4-тарау. Реттiк нөмiрдi беру талаптары

      12. Ғимараттың, имараттың, жер учаскесінің реттік нөмiрi - сандар тізбегінен тұратын әріпті (А, Б, В, Г және т.б. есімдікті алып тастаса, мысалы,"Я" әрпі, қиын айтылатын әріпті (дыбысы жоқ) қосу мүмкіндігімен не сандарға ұқсас (Ә, Ғ, Е, Е, Ж, З, Й, Қ, Е, Ө, е,Ү, Х, Һ, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, І, Ъ) немесе қосымша бүтін сандардың бөлшек белгісі арқылы тұратын объекті мекенжайының деректемесі болып табылады.
      13. Егер бiр жер учаскесiнде бiрыңғай сәулет ансамбiлiн жасайтын немесе сәулеттiк - құрылыстық кешеннiң бiр бөлiгi болып табылатын екi немесе одан көп ғимараттар, корпустар, құрылыстар, имараттар тұрғызылса, әрiптер ғимараттардың, корпустардың, құрылыстардың, имараттардың реттiк нөмiрiне қосылады.
      14. Егер, ғимараттар, корпустар, құрылыстар, имараттар кварталдың iшiнде болған жағдайда және ғимараттар, корпустар, құрылыстар, имараттар қасбеттерiнiң бiрде-бiрi қала магистралдарына шықпаған жағдайда, қосымша толық сандардың бөлшек таңбасы арқылы ғимараттардың, корпустардың, құрылыстардың, имараттардың реттiк нөмiрiне қосылады. Мұнда негiзгi реттiк нөмiрден кейiн ғимараттардың, корпустардың, құрылыстардың, имараттардың реттiк нөмiрi сол нөмiрлеуге жататын ғимараттарға, корпустарға, құрылыстарға, имараттарға ең жақын деген реттiк нөмiр қабылданады.
      15. Ғимараттар, имараттар және тағы басқа жасанды құрылыстың мекенжайы келесi мiндеттi деректемелерден тұруы тиiс: көшелер атаулары, ғимараттың, корпустың немесе құрылыстың, имараттың реттiк нөмiрi.
      16. Жер учаскелерiне шартты мекенжай берiледi, ол келесi мiндеттi деректемелерден тұруы тиiс: көшелер немесе ықшам аудан атаулары, жер учаскелерiнiң реттiк нөмiрi.
      17. Объектiнің мекенжай құрылымы объектiнiң тұрпаты және орналасқан жерiндегi жағрафиялық орнымен анықталады: ғимарат, имарат, жер учаскесi.
      18. Аудан атауы қала аудандарының және Солтүстiк Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң бекiтiлген атауларына сәйкес берiледi.
      19. Ықшам аудандар, өндiрiстiк аймақтар, табиғатты қорғау кешенi атаулары (тарихи және сәулет ескерткiштерi ансамблi), реттiк нөмiрi анықталатын объектiнiң орны, егер де объектi белгiленген шекте тиiстi ықшам аудандарда, өндiрiстiк аймақта, табиғатты қорғау кешенiнде орналасқан жағдайда объектiнiң мекенжайына қосылуы мүмкiн.
      20. Даңғылдар, көшелер (бұрылыс көшелер, алаңдар) атаулары, оған қатысты нөмiрленетiн объектi, облыстың қалалары және елдi мекендерiнiң көшелерi атауларының ресми тiзiмiне сәйкес және көшелердiң, тұйық көшелердiң, алаңдардың ресми мекенжайлық сызбасына, тұйық көшелердiң, жолдардың және алаңдардың атауларын нақтылай отырып, нөмiрленетiн объектiнiң позициялық ұсынымына және көше-жол желiлерiнiң элементтерiне сәйкес қабылданады.
      21. Облыс қалалары және елдi мекендерi көше атауларының ресми тiзiмi және даңғылдардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, алаңдардың ресми мекенжайлық сызбасына және электрондық түрiндегi басқа құрылымдық элементтерi мемлекеттiк қала құрылысы кадастры базасында  ГАЖ негiзiнде геоақпараттық жүйелердi (iлгерiде - ГАЖ) жүргiзу жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыратын, мемлекеттiк мекемелерде немесе кәсiпорындарда құрылады және жүргiзiледi, материалдарды, соның iшiнде мұрағаттық, атау беру туралы, облыс қалалары және елдi мекендерi аумағында қала құрылысының объектiлерiн және элементтерiн қайта атау.
      22. Жер учаскесiнiң, ғимараттың, корпустың, құрылыстың, үймереттiң реттiк нөмiрi жобалау немесе құрылыс үшiн жер учаскесiн кесiп беру жөнiндегi рұқсат  құжаттамаларын дайындау кезеңiнде ГАЖ деректерiмен объектiнiң реттiк нөмiрi алдын-ала келiсу жөнiндегi сәулет органымен бекiтiледi.
      Жер учаскесiнiң, ғимараттың, корпустың, құрылыстың, үймереттiң реттiк нөмiрi сәулет органымен өзгертiлуi мүмкiн, егерде, жекелеген объектiлердi сыру нәтижесiнде объектiлердi нөмiрлеу қаланың бiр бөлiгiнен он бiрлiктен аса үзiледi (жоғалады).
      23. Ғимараттардың (үйдiң) реттiк нөмiрiн беру және нөмiрленуi оңтүстiктен солтүстiкке қарай үздiксiз құрылыс майданын жасайтын және магистралдарда орналасқан, көшенiң сол жағынан тақ сан нөмiрлерi және оң жағында жұп нөмiрлерiмен жүргiзiледi.
      24. Реттiк нөмiрлерiн беру және батыстан шығысқа қарай бiрыңғай құрылыс құрайтын және магистралдарда орналасқан ғимараттардың (үйлердiң) нөмiрленуi батыстан шығысқа қарай көшенiң сол жағында тақ сандармен және оң жағында жұп сандармен жүргiзiледi.
      25. Санаты әр түрлi көшелердiң қиылысында орналасқан ғимараттарға, магистралды көшелердiң жiктемесiне сәйкес, санаты жоғарырақ көше бойынша реттiк нөмiр берiледi.
      26. Санаты тең көшелердiң қиылысында орналасқан ғимараттарға ғимараттың бас қасбетi қарайтын көше бойынша реттiк нөмiр берiледi. Егер бұрышқа бiр ғимараттың тең екi қасбеті қараса, қаланың ортасына қарай бағытталған көше бойынша реттiк нөмiр берiледi. Егер ғимараттың бас қасбетi ауланың iшiнде орналасса, ғимарат қай көшенiң бойына созылады сол көше бойынша реттiк нөмiр берiледi.
      27. Алаңның периметрiн құратын ғимараттарға реттiк нөмiр беру, бас магистралдан бастап, орталық жақтан сағат бойынша жүргiзiледi. Егер бұрыштағы ғимаратта басты қасбет болса және қатарлас көше бойынша айтарлықтай ұзын болса, оны нөмiрлеу алаң бойынша емес көше бойынша жүргiзiледi.
      28. Қала аумағында жаңа құрылыс аумағы табиғи қалыптасса және бұл жағдайда осы Ереженiң 36, 37 тармақтарын орындау мүмкiн болмаса, ондай аумақтардағы реттiк нөмiрдi және ғимараттарды (үйлердi) нөмiрлеудi кейiн қарай, солтүстiктен оңтүстiкке қарай немесе шығыстан батысқа қарай, көшенiң оң жағында тақ нөмiрлермен және сол жағында жұп нөмiрлермен беруге жол берiледi.
      29. Жер учаскесiнiң аумағында берілген аумақта орналасқан ғимараттардың, имараттардың нөмiрленуi соған салыстыра жүзеге асырылатын негiзгi ғимарат анықталады. Негiзгi ғимараттың реттiк нөмiрi белгiленген көшелер жiктемесi есепке алынып анықталады.
      30. Жер учаскесiнiң аумағында орналасқан басқа да ғимараттарға, имараттарға Ережеге сәйкес негiзгi ғимараттың және корпустың немесе құрылыстың қосымша нөмiрi берiледi.»Корпус»немесе»Құрылыс»көрсеткiшi қажет болғанда, олар орналасқан жер учаскесi аумағының функционалдық пайдалануын есепке алып, ғимараттардың функционалдық арналуына және жақындағы ғимараттардың қалыптасқан нөмiрленуiне байланысты анықталады
      31. Ғимараттарды нөмiрлеу бас ғимараттың орналасуын есепей отыра, басты кiрме жолдан бастап, жер учаскесi аумағына жүргiзiледi.
      32. Жеке және заңды тұлғаға меншiк құқығына, жалға алу құқығына немесе басқа да заттық құқығына тиесiлi жер учаскесiнде бiр немесе бiрнеше жылжымайтын нысандар салғанда, әр нысанға сол реттiк нөмiр, бiрақ корпустың немесе құрылыстың қосымша нөмiрiн қосу арқылы берiледi.
      33. Алдында кезектi нөмiрлермен (нысандарды қыстыруды) нөмiрленген екi ғимараттардың, құрылыстардың арасында орналасқан ғимараттарды нөмiрлеудi, осы ережеге сай тиiстi нысанның кiшi нөмiрiн пайдаланып, оған әрiптi немесе бөлшектiң белгiсiн қосу арқылы жүргiзу керек.
      34. Өздiк объектiлердiң (ғимараттардың, құрылыстардың) белгiлерi бар жапсарлас және iшiне енгiзе жапсарлас объектiлер негiзгi ғимараттың нөмiрiне бөлiм белгiсi арқылы қосымша толық санның жеке реттiк нөмiрi берiледi.
      35. Дуалдар, көпiрлер, қазбалы шұңқырлар, құдықтар, қазбалы қоймалар, аулалық көпiршелер, тротуарлар және осыларға ұқсас нысандардан басқа имараттарға, ғимараттың, құрылыстың немесе ол орналасқан жер учаскесiнiң (негiзгi ғимараты жоқ болған жағдайда) реттiк нөмiрi, имарат көрсеткiшiн және имараттың нөмiрiн қосу арқылы берiледi.
      36. Игерiлген, бiрақ нөмiрленбеген жер учаскелерiне осы жер учаскесiнiң шегiнде салынған ғимараттың, имараттың нөмiрi берiледi.
      37. Бiрнеше ғимарат, имаратта, басқа нысандар бiр жер учаскесiнiң аумағында орналасқан жағдайда, жер учаскесiне негiзгi ғимараттың, имараттың нөмiрi берiледi.
      Игерiлмеген жер учаскелерiне осы Ережеге сәйкес жай реттiк нөмiр берiледi, бұл ретте мынадай шартты сақтау керек: әр жер учаскесiнде өзiнiң бiрегей реттiк нөмiрi болады және жер учаскелерiне реттiк нөмiрлер жер учаскесінiң қайсібір қала құрылысы бiрлiгiне (көшеге, даңғылға, алаңға) қарасты болуы (жатуы) белгiсi негiзiнде берiледi.
      38. Нөмiрленген игерiлмеген жер учаскесiнiң аумағында жаңа ғимарат, имарат, салынғанда нөмiрлеудiң жалпы ретi сақталған жағдайда салынатын нысанға осы жер учаскесiнiң шартты реттiк нөмiрi берiлуi мүмкiн немесе осы Ереженiң талаптарын сақтап, жаңа жеке реттiк нөмiрi берiлуi мүмкiн.
      39. Жаңадан салынатын ғимараттарды (имараттарды) реттiк нөмiрлеу және бар нысандардың реттiк нөмiрлерiне өзгерiстер енгiзуді ДЖЖ және ГАЖ деректерi негiзiнде сәулет органы жүргiзедi.
      40. Жер учаскелерiн мемлекет қажеттiлiгiне алып қоюға  байланысты жүргiзiлетiн қарқынды бұзу аумақтарында, жобаланатын ғимараттар, имараттар үшiн реттiк нөмiрлердi резервке қоюға жол берiледi.

5-тарау. Мекен-жай құрылымының стандарты

      41. Объектi мекенжайының құрылымы мынадай талаптарға сәйкес болу керек:
      мекенжайдың деректерi дедуктивтi әдiспен (жалпыдан жекеге) қатаң түрде белгiленген тәртiппен жазылып көрсетiледi;
      мекенжай» терминiнен кейiн болатын»:» (қос нүкте) бөлгiштен кейiн көрсетiлген деректемелерден тұратын мәтiн бөлiгi нысанның мекенжайы болып табылады;
      объектiнiң мекенжайы мемлекеттiк, орыс және басқа тiлдерде жазылады;
      объектiнiң мекенжайын жазғанда қала құрылысы элементiнiң санатын қысқартуға болады:
      аудан - (ауд.)
      ықшам аудан - (ық.ауд.)
      алаң - (ал.)
      шоссе - (шос.)
      трасса - (тр.)
      даңғыл - (дңғ.)
      көше - (к.)
      бульвар  - (бул.)
      аллея - (алл.)
      қысқа көше - (қ.к.)
      бұрылыс көше - (б.к.)
      тұйық көше - (т.к.)
      объектiнiң мекенжайын жазғанда қаланың және әкiмшiлiк ауданның атауын көрсету арқылы мекенжайды толық жазуға, сондай-ақ қысқартуларды пайдалану арқылы былай жазуға болады: қала (қ.), аудан (ауд.);
      мекенжайды жазғанда қала құрылысы элементiнiң (ықшам ауданның, алаңның, көшенiң және т.б.) бекiтiлген атауы толық жазылуы керек.
      Мысалы:
      Мекенжай: Петропавл қаласы, Пушкин көшесi, 110, 51 пәтер;
      42. Бiр объектiге қаланың бiрнеше бөлiктерiне қатысты бiрнеше мекенжай беруге болмайды.

6-тарау. Ғимараттар мен имараттардың реттiк нөмiрлерi көрсеткiштерiн, көшелер және ықшам аудандар атаулары көрсеткiштерiн, көшелер атауларының бұрыштық көрсеткiштерiн орнатуға қойылатын талаптар Жалпы талаптар

      43. Ғимараттар мен имараттардың реттiк нөмiрлерiнiң, көше атауларының және ықшам аудандар атауларының көрсеткiштерi үйлердiң қасбеттерiнде мынадай ретпен орнатылады:
      1) жаңадан салынған ғимараттарды пайдалануға тапсырғанда:
      тапсырыс берушi сәулет органына жүгiнедi, ол ҚАЖ деректерi негiзiнде ғимаратқа (имаратқа) реттiк нөмiр бередi және мекен-жайға тиiстi нысан (ғимарат, имарат) қай даңғылға, бульварға, көшеге жағрафиялық тiркеледi соның дұрыс аталуын анықтайды;
      сәулет органынан алынған деректер негізінде алдын ала келiсiлу бойынша өз қаражаты есебінен ықшам аудан және (немесе) көше атауы көрсеткiшiнiң, ғимараттың (имараттың) реттiк нөмiрi көрсеткiшi нобайының жобалау құжаттамасының құрамында ғимараттың (имараттың) реттiк нөмiр көрсеткiш, көше, кешен, аудан атауының көрсеткiшiн осы Ереже талаптарына сәйкес жасайды және орнатады;
      2) ғимараттар мен имараттардың реттiк нөмiрлерi, көшелері, ықшам аудан атаулары өзгерген кезде, ғимараттар мен имараттардың реттiк нөмiрлерi, көше атаулары көрсеткiштерi, ықшам аудандар атаулары көрсеткiштерi және басқа да көрсеткiштердi ауыстыру және орнату сыртқы жарнама және ресiмдеу жөнiндегi органмен ГАЖ деректерi негiзiнде жүргiзiледi.
      44. Ғимараттардың, имараттардың реттiк нөмiрлерi, көше және ықшам аудандар атауларының көрсеткiштерiн орнату мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      45. Салынып жатқан (тұрғызылатын) ғимараттар және имараттар қасбеттерiне ғимараттар және имараттардың реттiк нөмiрлерi, көшелер атаулары көрсеткiштерiн және ықшам аудандар атаулары көрсеткiштерiн орнатуға және дұрыс орналасуына тапсырыс берушiлер жауапкершiлiк тартады.
      46. Қасбетiне көрсеткiштер орналасқан қасбетте ғимаратты (имаратты) бұзғанда, көрсеткiштiң құны ғимаратты (имаратты) бұзуға кеткен шығындардың құрамына кiредi және кiмнiң бастамасымен бұзылу тиісті болды, сол ғимараттың (имараттың) меншiк иесiне (баланс ұстаушыға, пайдаланушыға) белгiленген тәртiппен өтеледi.
      47. Бiрнеше бұзылғандардың орнында тұрғызылған ғимараттардың (имараттардың) қасбеттерiнде көрсеткiштердi осы Ереженiң шарттарына сай сәулет органымен келiсiп орнатылады.
      48. Көрсеткiштер жол белгiлерiмен, сыртқы жарнама құралдарымен бiр тасушыда (тiректе, құрылғыда) және олармен бiрлесiп орнатылмау керек. Көрсеткiштердi бағдаршамдардың тiрегiне орнатуға болады.
      49. Көрсеткiштер тәулiк уақытына тәуелсіз ажыратылуы тиіс.

Көшелер атауларының көрсеткiштерi

      50. Көше атауларының көрсеткiштерi көшелердiң (көше қиылысындағы) қиылысатын жерiнде орналасқан ғимараттарда және имараттарда орналасады.
      51. Көше атауларының көрсеткiштерi көшелерге шығатын, қиылыстар құратын ғимараттардың және имараттардың қасбеттерiнде, жер бетiнен 2,5-тен 3,0 метр биiктiкте, қиылысқа шығатын ғимараттың немесе имаратттың бұрышынан 25-30 сантиметр қашықтықта орналасады. Тек қана екi қиылыс арасындағы қашықтық бес жүз метрден аса қашықтықты құраса, екi ілгеріде орналасқан көше атауының көрсеткiштерi арасындағы қашықтық аталған мөлшерден аспау керек.
      52. 1 санаттағы көше атауларының көрсеткiштерi, жылдам және реттелетiн қозғалысының магистралды жолдарына, 1 санаттағы көше атауы көрсеткiшiнiң үлгiлiк нобайына сәйкес келетiн, жалпы қалалық маңызы бар магистралды көшелерге шығатын барлық ғимараттардың және имараттардың қасбеттерiнде орнатылады.
      53. 2 санаттағы көше атауларының көрсеткiштерi, 2 санаттағы көше атауы көрсеткiшiнiң үлгiлiк нобайына сәйкес келетiн, аудандық маңызы бар магистралды көшелерге, жергiлiктi маңызы бар көшелер мен жолдарға шығатын барлық ғимараттардың және имараттардың қасбеттерiнде орнатылады.
      54. 3 санаттағы көше атауларының көрсеткiштерi, 3 санаттағы көше атауы көрсеткiшiнiң үлгiлiк нобайына сәйкес келетiн, жеке тұрғын үйлер құрылысы нысандарына жататын барлық ғимараттардың және имараттардың қасбеттерiнде орнатылады.

Ықшам аудандар атауларының көрсеткiштерi

      55. Ықшам аудандар атауларының көрсеткiштерi, ықшам ауданға жататын көшелердің қиылысатын жерінде (көше қиылыстарында) орналасқан, ықшам ауданды шектейтiн көшелермен немесе ықшам ауданды шектейтiн көшелер және ықшам ауданға кiрме жолдармен құрылған шартты қиылыста орналасқан барлық ғимараттардың және имараттардың қасбеттерiнде орнатылады.
      56. Тек қана екi қиылыстың арасындағы қашықтық бес жүз метрден көп болғанда есепке алынбайды, екi ілгеріде орналасқан ықшам аудан атауларының көрсеткiштерi арасындағы қашықтық аталған мөлшерден аспау керек.
      57. Ықшам аудандар атауларының көрсеткiштерi ғимараттардың және имараттардың қасбеттерiнде, жер бетiнен 2,5-тен 3,0 метр биiктiкте, қиылысқа немесе шартты қиылысқа шығатын ғимараттың немесе имараттың бұрышынан 25-30 сантиметр қашықтықта орналасады.
      58. 1 санаттағы ықшам аудандар атауларының көрсеткiштерi, ықшам ауданды шектейтiн жылдам және реттелетiн қозғалыстың магистралды жолдарына, 1 санаттағы ықшам аудандар атауы көрсеткiшiнiң үлгiлiк нобайына сәйкес келетiн, жалпы қалалық маңызы бар магистралды көшелерге шығатын барлық ғимараттардың және имараттардың қасбеттерiнде орнатылады.
      59. Ықшам аудандар атауларының көрсеткiштерi, 2 санаттағы көше атаулары көрсеткiшiнiң үлгiлiк нобайына сәйкес аудандық маңызы бар магистралды көшелерге, жергiлiктi маңызы бар көшелер мен жолдарға шығатын ықшам ауданды шектейтiн барлық ғимараттардың, имараттардың қасбеттерiнде орнатылады.
      60. Ғимарат пен имараттың қасбетiнде ықшам аудан атауының көрсеткiшi орнатылған жағдайда, көше атауының көрсеткiшi орнатылмайды.

Объектiлердің реттiк нөмiр көрсеткiштерi

      61. Ғимараттың, имараттың реттiк нөмiрiнiң көрсеткiшi көшенiң тақ жағында сол жақ бетте, ал көшенiң жұп жағында оң жақ бетте әр ғимараттың немесе имараттың қасбетiне, жер бетiнен 2,5-тен 3,0 метр биiктiкте, үйдiң бұрышынан 25-30 сантиметр қашықтықта орналасады. 
      62. Егер ғимараттың, имараттың қасбетiнде көше немесе ықшам аудан атауының көрсеткiшi орналасса, ғимараттың, имараттың реттiк нөмiрiнiң көрсеткiшi көлденеңiнен көше немесе ықшам аудан атауының көрсеткiшiнен кейiн орналасады.
      63. 1 санаттағы ғимараттың немесе имараттың реттiк нөмiр көрсеткiштерi, жылдам және реттелетiн қозғалысының магистралды жолдарына, 1 санаттағы ғимараттың немесе имараттың реттiк нөмiр көрсеткiшiнiң үлгiлiк нобайына сәйкес келетiн, жалпы қалалық маңызы бар магистралды көшелерге шығатын барлық ғимараттардың және имараттардың қасбеттерiнде орнатылады.
      64. 2 санаттағы ғимараттың немесе имараттың реттiк нөмiр көрсеткiштерi 2 санаттағы ғимараттың, имараттың реттiк нөмiр көрсеткiшiнiң үлгiлiк нобайына сәйкес аудандық маңыздағы магистралды көшелерге, жергiлiктi маңыздағы көшелер мен жолдарға шығатын ғимараттардың және имараттардың қасбеттерiнде орнатылады.
      65. 3 санаттағы ғимараттың және имараттың реттiк нөмiрiнiң көрсеткiштерi 3 санаттағы ғимараттың реттiк нөмiр көрсеткiшiнiң үлгiлiк нобайына сәйкес жеке тұрғын үй құрылыс нысандарына жататын ғимараттардың және имараттардың қасбеттерiнде орнатылады.
      Ықшам аудандар және кварталдар iшiнде 3 санаттағы ғимараттың немесе имараттың реттiк нөмiр көрсеткiштерi 3 санаттағы ғимараттың, имараттың реттiк нөмiр көрсеткiшiнiң үлгiлiк нобайына сәйкес квартал iшiндегі қысқа көшеге шығатын ғимарат немесе имарат қасбеттерiнiң сол жағында жер бетiнен 2,5-тен 3,0 метрден аспайтын биiктiкте, үйдiң бұрышынан 25-30 сантиметр қашықтықта орналасады.

Көшелер атауларының бұрыштық көрсеткiштерi

      66. Көшелер қиылысатын жерде (көше қиылыстарында) орнатылатын көше атауларының бұрыштық көрсеткiштерi (аншлагтар) көшелердің тiкелей қиылысатын жерінде (көше қиылыстарында) орналасады және биiктiгi 4 метрден аспайтын металл тiректерге орнатылады.

7-тарау. Қосымша талаптар

      67. Жер учаскелерiне, ғимараттарға және имараттарға берiлген реттiк нөмiр жөніндегі деректер ГАЖ ақпараттық деректер базасында мiндеттi түрде тiркелуi тиiс.
      68. Реттiк нөмiр уақытша мақсаттағы нысандарға, шаруашылық құрылыстарға, жеке тұлғалардың меншiгiндегi және гараж кооперативтерiнiң, қоғамдарының құрамына кiретiн гараждарға, қаланың инженерлiк инфрақұрылым нысандарына, бақ және бақша учаскелерiне берiлмейдi.
      69. Уақытша мақсаттағы нысандардың өзiнiң реттiк нөмiрi болмайды, бiрақ тұрақты нөмiрi бар, қатар орналасқан нысанмен салыстырып, олардың орналасқан жерiн анықтап, нақтылауға болады.
      70. Тиiстi бақ өсiру және саяжайлық (бақшалық) учаскелер құрамына енетiн гараждардың орналасқан жерiн анықтау осы кооперативтер, қоғамдар басқару органдарының шешiмiмен белгiленедi, бұл жағдайда әр нысанға жеке нөмiр берiледi. Тиiстi басқару органдары болмаған жағдайда, жеке нөмiр беруді сәулет органы жүзеге асырады.
      71. Ұйымдар дайындайтын және шығаратын құжаттарда нысандардың реттiк нөмiрлерi туралы деректерді толтырғанда жер учаскелерiнiң, ғимараттардың және ғимараттардың реттiк нөмiрлерiн еркiн жазуға тыйым салынады.
      72. Ғимараттардың және имараттардың қасбеттерiнде орнатылған осы Ереже талаптарын бұзатын көрсеткiштердi ғимараттың (имараттың) меншiк иелерi (баланста ұстаушылары) немесе оны күтiп ұстаушылар, ол болмаған жағдайда - сыртқы жарнама және ресiмдеу органы қайта монтаждауға тиiс.

8-тарау. Қажетті құжаттардың тізбесі.

      72-1. Жылжымайтын мүлік объектілеріне мекен-жай беруге немесе өзгертуге мүдделі тұлғалар аудандардың және Петропавл қаласының сәулет жөніндегі атқарушы органдарына өтініш білдіреді.
      72-2. Жеке тұлғаларға арналған келесі құжаттар өтінішке қоса беріледі: жеке куәлік (көшірме), салық төлеушінің куәлігі (көшірме), жер учаскесіне, ғимаратқа, имаратқа құқық куәландаратын құжаттар (нотариалды расталған көшірмелер), құрылысқа, имаратқа техникалық паспорт (көшірме), объектінің орналасуының жағдайлық сызбасы (көшірме).
      72-3. Заңды тұлғаларға арналған келесі құжаттар өтінішке қоса беріледі: заңды тұлғаны тіркеу куәлігі (көшірме), салық төлеушінің куәлігі (көшірме), жер учаскесіне, ғимаратқа, имаратқа құқық куәландыратын құжаттар (нотариалды расталған көшірмелер), құрылысқа, имаратқа техникалық паспорт (көшірме), объектінің орналасуының жағдайлық сызбасы (көшірме).
      72-4. Өтінішті қарау мерзімі өтініш берген сәттен бастап 10 күннен аспауы тиіс.

      Ескерту. 1-бөлім 8-тараумен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2009.10.07 N 251 Қаулысымен

2-бөлім. Қорытынды ережелер

      73. Осы Ережені меншiк нысаны және ведомствалық бағыныштылығына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың орындаулары мiндеттi.
      74. Ережемен қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен реттеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады