"Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі ережелерді, жер учаскелеріне, ғимараттарға және имараттарға реттік нөмірлерін беру талаптарын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 227 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 7 қазандағы N 251 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 2 қарашада N 1725 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы N 335 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012.11.23 N 335 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 1-тармағы 21-3) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңы 28-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Солтүстiк Қазақстан облысы аумағындағы елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртiбiн жүргiзу жөнiндегi ережелерді, жер учаскелерiне, ғимараттарға және имараттарға реттiк нөмірлерін беру талаптарын бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 227 қаулысына (Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1657 тіркелген, «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерінде 2007 жылғы 30 қарашада жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      1 бөлім келесі мазмұндағы 8 тараумен толықтырылсын:
      «8 тарау. Қажетті құжаттардың тізбесі.
      72-1. Жылжымайтын мүлік объектілеріне мекен-жай беруге немесе өзгертуге мүдделі тұлғалар аудандардың және Петропавл қаласының сәулет жөніндегі атқарушы органдарына өтініш білдіреді.
      72-2. Жеке тұлғаларға арналған келесі құжаттар өтінішке қоса беріледі: жеке куәлік (көшірме), салық төлеушінің куәлігі (көшірме), жер учаскесіне, ғимаратқа, имаратқа құқық куәландаратын құжаттар (нотариалды расталған көшірмелер), құрылысқа, имаратқа техникалық паспорт (көшірме), объектінің орналасуының жағдайлық сызбасы (көшірме).
      72-3. Заңды тұлғаларға арналған келесі құжаттар өтінішке қоса беріледі: заңды тұлғаны тіркеу куәлігі (көшірме), салық төлеушінің куәлігі (көшірме), жер учаскесіне, ғимаратқа, имаратқа құқық куәландыратын құжаттар (нотариалды расталған көшірмелер), құрылысқа, имаратқа техникалық паспорт (көшірме), объектінің орналасуының жағдайлық сызбасы (көшірме).
      72-4. Өтінішті қарау мерзімі өтініш берген сәттен бастап 10 күннен аспауы тиіс».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.М.Чженге жүктелсiн.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкiмi                                С. Біләлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады