Петропавл қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы "Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 14 ақпандағы N 194 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 22 ақпандағы N 13-1-63 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 2083 қаулысымен

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  N 148 Заңының 31-ші бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы»"Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңының 7 бабына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 28 наурыздағы»"Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздардың кәсіби дайындығын, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы"»облыс әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі N 38 қаулысына  толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы N 57 қаулысының 7 тармағының 21 тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Петропавл қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы "Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 56 қаулысына (2007 жылғы 31 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу N 13-1-61; "Проспект СК" газетінің 2007 жылғы 16 ақпандағы N 7 саны), мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Аталған қаулымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, еңбекақы мөлшерлері" қосымшасында:

      1) реттік нөмірі 9-ші жолдағы "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің аппараты ММ" "Ай сайынғы жұмыс орындары" бағанындағы "20" саны "45" санымен ауыстырылсын;

      2) "Жиынтығы" жолындағы "Ай сайынғы жұмыс орындары" бағанындағы "277" саны "302" санымен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ. Кәрібаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарыққа шыққан күнінен соң қүнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

         Қала әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады