Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Жаңа

Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 303 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 1 ақпанда N 2519 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы  N 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі регламентін бекіту туралы" және Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 10 қазандағы N 224 "Атырау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламентін бекіту туралы" қаулыларын орындауда облыс әкімияты қаулы етеді :

      1. Қоса беріліп отырған Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және бірлескен барлау мен өндіруге арналған кепіл шартын тіркеу туралы стандарты бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы С.М. Рысқалиевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Облыс әкімі

Атырау облысы әкімиятының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
N 303 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік қызмет көрсету
СТАНДАРТЫ
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және
бірлескен барлау мен өндіруге арналған кепіл шартты тіркеу

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:
      Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған кепіл шартты  тіркеу.
      Құзыретті орган - Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті.
      Жер қойнауын пайдаланушы, тұтынушы - жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған немесе құзыретті органмен тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығына ие болған Қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар.
      КТПҚ - кең таралған пайдалы қазбалар.
      Мемлекеттік қызметтің осы түрін ұсыну ерекшелігі:
      КТПҚ барлау өндіру және бірлескен барлау мен өндіруге арналған кепіл шартты тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушысы - тек қана жер қойнауын пайдаланушы бола алады;
      Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының (бұдан әрі  - Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңы) 14 бабының 1-1-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы кепілге қойылып алынған кредит келісім-шартпен көзделген жер қойнауын пайдалану мақсаттарына ғана пайдалануға тиіс;
      Құзыретті орган келісімін бергеннен соң ғана КТПҚ барлау өндіру және бірлескен барлау мен өндіруге арналған кепіл шарты кепіл беруші мен кепіл ұстаушының арасында жасақталуы тиіс (Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану" Заңының 14 бабының 1-тармағы).

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

      3. КТПҚ барлау, өндіру және бірлескен барлау мен өндіруге арналған кепіл шартты тіркеу Қазақстан Республикасының Жоғары кеңесінің 1994 жылғы 27 желтоқсанындағы қаулысымен күшіне енгізілген Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 308 бабы 1 тармағы негізінде жүргізіледі.

      4. КТПҚ барлау, өндіру және бірлескен барлау мен өндіруге арналған кепіл шарты тіркеу Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінде: Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77, мекен-жайы бойынша N 201 кабинетінде жүргізіледі.

      5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): КТПҚ барлау, өндіру және бірлескен барлау мен өндіруге арналған кепіл шарты мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлігі.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты: Мемлекеттік қызмет КТПҚ бойынша табиғат пайдаланушылар болып табылатын қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт шектеу мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттар тізбесін тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 45 күн ішінде беріледі (Қазақстан Республикасы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 14 бабының 1 тармағы);
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтетін ең ұзақ уақыт - 40 минутқа дейін;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтетін ең ұзақ уақыт - 40 минутқа дейін.

      8. Аталған мемлекеттік қызмет көрсету тегін жүргізіледі.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты туралы ақпаратпен Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің: Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77,мекен-жайы бойынша N 201 кабинетінде танысуға болады.

      10. Жұмыс кестесі: Күн сайын сағат 14.00-дан - 18.00 сағатқа дейін аралығында. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Қызмет көрсетілетін орын: Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77, мекен-жайында N 201 кабинетте орналасқан.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. КТПҚ барлау, өндіру және бірлескен барлау мен өндіруге арналған кепіл шартты тіркеу үшін төмендегі құжаттар жалғанады:
      1) кепіл шарттың түпнұсқасына ілеспе хат;
      2) кепіл шартының түпнұсқасы (3 дана).

      13. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар және тіркелген кепіл шарты және КТПҚ барлау, өндіру және бірлескен барлау мен өндіруге арналған кепіл шарт куәлігін Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінде Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77, мекен-жайы бойынша N 201 кабинетке тапсыруға және алуға болады.

      14. Барлық құжаттар ілеспе хатпен тапсырылғаннан кейін Құзыретті орган қызметкері ілеспе хаттың екінші данасына алынған уақытын және қолын қойып, жер қойнауын пайдаланушыға кері қайтарады.

      15. Құжаттарды жеткізу тәсілдері: жеке келу келу немесе хат тасушы арқылы.
      Департаментпен қол қойған тіркелген кепіл шарты және КТПҚ барлау, өндіру және бірлескен барлау мен өндіруге арналған кепіл шарт куәлігін Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77, мекен-жайы бойынша орналасқан 201 кабинеттен алуға болады.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету келесі жағдайларда тоқтатылады:
      1) құжаттар жиынтығы толық тапсырылмағанда,
      2) тапсырылған құжаттарда түзетулер анықталса.
      Мемлекеттік қызмет ұсынудан мына жағдайларда бас тартылады:
      1) Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 14 бабының 1, 1-1 тармақтары орындалмаған жағдайда;
      2) Өтініш беруші кең таралған пайдалы қазбалар бойынша табиғат пайдаланушы болмаса

3. Жұмыс қағидаттары .

      17. Жұмыс қағидаттары:
      1) Тұтынушы Департамент ұсынатын қызметтер туралы толық ақпарат ұсынылады;
      2) Қызметкерлер ақпараттың сақталушылығына, қорғалуына және құпиялығына жауапты;
      3) Егер тұтынушылар құжаттарды уақытында алмаған жағдайда Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті бір ай мерзімде олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

4. Жұмыс нәтижелері

             18. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес ("Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні" кестесі) сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

      19. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

             20. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің жер қойнауын пайдалану, орман және су шаруашылығы бөлімінің бас мамандарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті директорының орынбасары түсіндіреді, N 527 кабинет, байланыс телефоны: 8(7122) 35-47-53.
      Мемлекеттік қызметтің осы түрі бойынша Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің шешімдеріне тұтынушылар сот тәртібінде шағымдануы мүмкін.

      21. Шағым Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің шешімдеріне тұтынушылар сот тәртібінде шағымдануы мүмкін.

      22. Шағымның қабылдауын растайтын құжат Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн тіркеу журналында тіркелгені болып табылады. Шағымға жауапты алатын орны: 060010, Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77, 523 кабинет, байланыс телефоны: 8(7122) 35-45-59. Шағымның қаралу барысы туралы 8(7122)32-55-12 байланыс телефоны арқылы білуге болады.

6. Байланыс ақпараты
Біздің мекен-жай және телефондарымыз:

      23. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің директоры: 060010, Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77, 523 кабинет. Телефон/факс: 8(7122) 35-45-59.

      24. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті директорының орынбасары: 060010, Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77, 527 кабинет. Телефон: 8(7122) 35-47-53.

      25. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсетуші жер қойнауын пайдалану, орман және су шаруашылығы бөлімі: 060010, Атырау қ., Әйтеке-би көшесі, 77, 201 кабинет. Телефон: 8(7122) 32-55-12.

Атырау облысы әкімиятының
2007 жылғы 24 желтоқсан
N 303 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына қосымша 

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол
жетімділік
көрсеткіштері

Көрсет-
кіштің
норма-
тивтік
мәні

Көрсет-
кіштің
келесі
жылдағы
нысаналы
мәні

Көрсет-
кіштің
есепті
жылдағы
ағымдағы
мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген
мерзімде қызметті ұсыну
оқиғаларының % (үлесі)

100%

98%

95%

1.2. Қызмет алуды кезекте 40
минуттан аспайтын уақыт
күткен тұтынушылардың %
(үлесі)

85%

82%

80%

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісі-
нің сапасына қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90%

85%

80%

2.2. Құжаттарды лауазымды
тұлға дұрыс ресімдеген жағ-
дайдың (жүргізілген төлем-
дер, есеп айырысулар және
т.б.) % (үлесі)

100%

95%

90%

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсыну тәртібі
туралы сапаға және ақпаратқа
қанағаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)

90%

80%

75%

3.2. Тұтынушы құжаттарды
дұрыс толтырған және бірінші
реттен тапсырған оқиғалардың
% (үлесі)

80%

70%

65%

3.3. Интернет арқылы қол
жетімді қызметтерінің
ақпарат % (үлесі)

50%

45%

40%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің осы түрі
бойынша қызмет көрсетілген
тұтынушылардың жалпы санына
негізделген шағымдардың %
(үлесі)

0,5%

1%

1,5%

4.2. Белгіленген мерзімде
таралған және қанағаттанды-
рылған негізделген шағымдар-
дың % (үлесі)

-

-

-

4.3. Шағымданудың қолданыс-
тағы тәртібіне қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

-

-

-

4.4. Шағымдану мерзіміне
қанағаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)

-

-

-

5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердің
сыпайылығына қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90%

80%

75%

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады