Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 27.06.2017 № 13/154-VI шешiмiмен.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.29 N 41/410-IV (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.1. Ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының мынадай жүйесi айқындалсын:
1) бiр жолғы материалдық көмек;
2) үй-жайды жалға алу бойынша шығындардың өтемiн төлеу;
3) коммуналдық қызмет түрлерiне арналған шығындардың өтемiн төлеу;
4) тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй заемын алу үшiн әлеуметтiк көмек.
2. Ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсетудiң тәртiбi осы шешiмiнiң қосымшасына сәйкес белгiленсiн.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |
2007 жылғы 19 шiлдедегi № 34/383-ІІІ Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының шешiмiне қосымша |
Оңтүстiк Қазақстан облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсету Тәртiбi
Осы тәртіп "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығының негізінде әзірленді және ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің шарттары мен тәртібін белгілейді.
Ескерту. Қосымшаның кіріспесі жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.29 N 41/410-IV (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.1. Негiзгi ұғымдар
1) әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттiк орган) - Оңтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы;
2) жұмыс берушi - медицина (фармацевтика) қызметкерiмен жеке еңбек шартын жасасқан тиісті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы;
3) тұрғын үй заемын беру жөнiндегi қаржы ұйымы (бұдан әрi - қаржы ұйымы) - медицина (фармацевтика) қызметкерi тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасасатын тұрғын үй құрылысы жинақ банкiсi;
4) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина қызметкерлері (бұдан әрі-қызметкерлер) – кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын, ауылдық жерге уәкілетті орган жұмысқа жіберген жеке тұлғалар;
5) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі-қызметкерлер) – фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын, ауылдық жерге уәкілетті орган жұмысқа жіберген жеке тұлғалар.
Ескерту. 1 Бөлімге өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.29 N 41/410-IV (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.2. Жалпы ережелер
1. Жұмыс берушiмен жеке еңбек шарты жасалған күннен бастап алғашқы үш жыл iшiнде еңбек мiндеттерiн орындап жүрген қызметкер әлеуметтiк көмек алу құқығына ие болады.
Осы үш жылдық мезгiлде қызметкердiң бала күтуге байланысты еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болған уақытысы, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақпен куәландырылған екi айдан аса еңбекке жарамсыздық кезеңi кiрмейдi.
2. Облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ олардың әкiмшiлiк бағыныстылығының аумағында орналасқан поселкелерде тұратын және жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсетiлмейдi.
3. Қызметкерге әлеуметтiк қолдау көрсету облыстық бюджеттiң қаражаты есебiнен iске асырылады.
4. Әлеуметтiк қолдау көрсету өзiне мынадай ақшалай өтемақылар мен төлемдердi қамтиды:
1) 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде бiр жолғы материалдық көмек;
2) тұратын үй-жайды жалға алу бойынша шығыстарды өтеу, бiрақ айына 10 000 (он мың) теңгеден аспауы керек;
3) осы Тәртiптiң 14 тармағында көрсетiлген тұтыну нормаларының шегiнде тарифтiк бағаның 50 пайызы мөлшерiнде коммуналдық қызметiне арналған шығыстарды өтеу;
4) жұмыс iстейтiн қызмет орны бойынша ауылдық жерде тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй заемын алу үшiн 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерiндегi әлеуметтiк көмек.
3. Әлеуметтiк қолдау шараларын қабылдау тәртiбi
5. Уәкiлеттi орган денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:
1) ауылдық жерлер үшiн жекелеген мамандықтар бойынша медицина және фармацевтика кадрларына деген сұранысқа жыл сайын талдау жасайды;
2) медицина және фармацевтика қызметкерiнiң өтiнiштерiн, олардың бiлiктiлiгiн, тұрғын үйге деген мұқтаждығын растайтын құжаттарын қабылдайды;
3) әлеуметтiк қолдауға мұқтаж қызметкерлердiң тiзiмiн жасайды;
4) ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген қызметкерлерге әлеуметтiк қолдау көрсету мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi.
6. Уәкiлеттi органның жолдамасымен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiнiң талаптарына сәйкес жұмыс берушi қызметкермен еңбек шартын жасайды.
7. Уәкiлеттi орган өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты қызметкердi ауылдық жердегi бiр медицина ұйымынан басқа ауылдық жердегi медициналық ұйымына ауыстыру туралы шешiм қабылдаған жағдайда, қызметкердiң әлеуметтiк көмек алу құқығы сақталады.
8. Еңбек шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда уәкiлеттi орган жұмыс берушiнi қаржыландыруды, ал жұмыс берушi - тұрғын үй заемын алу үшiн қаржы аударуды тоқтатуға құқығы бар. Бұл ретте жұмыс беруші қаржы ұйымына жазбаша арыз беру жолымен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгiленген тәртiппен қаржы ұйымындағы қызметкердiң есеп шотына бұрын аударылған бюджет қаржысын облыстық бюджеттiң кiрiсiне қайтару бойынша шаралар қолданады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.29 N 41/410-IV (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.9. Қызметкердiң тарапынан мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші, қызметкер және қаржы ұйымы арасында шарт жасалады, онда қызметкердiң қаржы ұйымындағы есеп шотына бұрын аударылған бюджет қаржысын облыс бюджетiнiң кiрiсiне қайтару механизмi қарастырылады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.29 N 41/410-IV (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.10. Жұмыс берушi қызметкердiң әлеуметтiк көмек алу құқығынан айырылған уақыттан бастап 10 күннен кешiктiрмей (жұмыстан шығу, жұмыстан шеттетiлу, бала күтiмi бойынша демалыста болу, екi айдан аса ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз болу және т.б.) уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
11. Егер қызметкер үй-жайды қажет етпеген жағдайда, тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша шығындардың өтемi төленбейдi.
4. Әлеуметтiк қолдау шеңберiнде қаржыландыру және төлеу тәртiбi
12. Уәкiлеттi орган әлеуметтiк қолдау көрсету бойынша жұмыс берушiнi қаржыландыруды iске асырады.
13. Қызметкермен еңбек шарты жасалғаннан кейiн жұмыс берушi қызметкерге екiншi деңгейдегi банкте ашылған дербес немесе карт-шотына аудару жолымен 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде бiр жолғы материалдық көмек төлейдi.
14. Коммуналдық қызмет ақысы бойынша шығындарды өтеуге арналған қаржыны ай сайын жұмыс берушi қызметкердiң дербес немесе карт-шотына аударады, бұл ретте мынадай өтемдердiң мөлшерi белгiленедi:
1) айына 200 киловатт электр энергиясының тарифтiк бағасының 50 пайызы;
2) айына 10 куб судың тарифтiк бағасының 50 пайызы;
3) айына табиғи газдың 18 кубының тарифтiк бағасының 50 пайызы немесе айына көлемi 25 килограмдық газ баллоны бағасының 50 пайызы;
4) жылына 3,5 тонна көмiр бағасының 50 пайызы.
15. Жұмыс берушi коммуналдық қызметтер шығындарын өтеудi ақшалай түрде төлеудi iске асырады және қызметкер жұмысқа қабылданған күннен бастап ауылды жерде жұмыс iстеген алғашқы үш жыл iшiнде жұмыс берушiмен еңбек шарты жасалған жағдайда екiншi деңгейдегi банктегi қызметкердiң дербес шотына немесе карт-шотына ай сайын ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргiзедi.
16. Тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй заемын алу үшiн әлеуметтiк қолдау көрсету жұмыс беруші, қызметкер және қаржы ұйымы арасында жасалған шартқа сәйкес, қызметкердiң қаржы ұйымында ашылған есеп шотына жұмыс берушiнiң кезең-кезеңмен ақша аударуы арқылы iске асырылады, оның iшiнде: бiрiншi жылы аяқталғаннан кейiн - 100 000 (жүз мың) теңге; екiншi жылы аяқталғаннан кейiн - 150 000 (жүз елу мың) теңге; үшiншi жыл аяқталғаннан кейiн - 250 000 (екi жүз елу мың) теңге.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.06.29 N 41/410-IV (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.17. Осы Тәртiптiң орындалуын бақылауды уәкiлеттi орган iске асырады.