Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 23.10.2017 № 15/192-VI шешімімен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының мынадай жүйесi айқындалсын:
1) ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде әлеуметтік көмек белгіленсін;
2) мамандарға әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) ауылдық жерге кемінде бес жылға жіберілетіндерге жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын, әлеуметтік кепілдік ретіндегі біржолғы көмек болып табылады деп белгіленсін;
3) әлеуметтік көмекті төлеу облыстық бюджеттен қалалар мен аудандардың бюджеттеріне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер шегінде жүзеге асырылатын болып белгіленсін.
2. Мыналардың күші жойылсын деп танылсын:
1) Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 19 шілдедегі № 34/383-III "Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерiне жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1963-нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 24 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған);
2) Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 41/410-IV "Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 19 шілдедегі № 34/383-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2052-нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 29 маусымда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған ).
3. Осы шешiм Оңтүстік Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Қ. Әбдіхалық |
Облыстық мәслихат хатшысы | Қ. Балабиев |