"Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 19 шілдедегі № 34/383-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы N 41/410-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 28 шілдеде N 2052 тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 13/154-VI шешiмiмен

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 27.06.2017 № 13/154-VI шешiмiмен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 19 шілдедегі № 34/383-III (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1963-нөмірімен тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің 31-нөмірінде 2007 жылғы 23 тамызда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:";

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тәртіп "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығының негізінде әзірленді және ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің шарттары мен тәртібін белгілейді.";

      "Негізгі ұғымдар" деген 1 бөліктің:

      1) тармақшасындағы "департаменті" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) тармақшасындағы "облыстық бюджеттен қаржыландырылатын" деген сөздер "тиісті бюджеттен қаржыландырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина қызметкерлері (бұдан әрі-қызметкерлер) – кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын, ауылдық жерге уәкілетті орган жұмысқа жіберген жеке тұлғалар.";

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі-қызметкерлер) – фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын, ауылдық жерге уәкілетті орган жұмысқа жіберген жеке тұлғалар.";

      "Әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау тәртібі" деген 3 бөліктің:

      8 тармағындағы "Бұл ретте" деген сөздерден кейін "уәкілетті орган" деген сөздер "жұмыс беруші" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9 тармағындағы "уәкілетті орган," деген сөздер "жұмыс беруші," деген сөздермен ауыстырылсын;

      4 бөліктің 16 тармағында "уәкілетті орган," деген сөздер "жұмыс беруші" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ.Ержан
      Облыстық мәслихат хатшысы Ә.Досболов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады