Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 шілдедегі № 163 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 20 шілдеде № 2448 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің темір жол көпірінен бастап Новоявленка ауылына дейінгі солжағалау учаскесіндегі су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары" және "Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің оң жағалауы мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу - Ертіс өзенінің Өскемен ГЭС-інен бастап жаңа автомобиль көпіріне дейінгі учаскесіндегі оң жағалауы (Пограничная көшесінің тұстамасында), -Үлбі өзенінің Каменный Карьер кентінен бастап Ертіс өзенінің ойысына дейінгі оң және сол жағалаулары" жобаларына сәйкес және су объектілерін ластанудан және сарқылудан қорғау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. 1 қосымшаға сәйкес Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі белгіленсін.

      2. 2 қосымшаға сәйкес Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағындағы шаруашылық қызметке шектеу қою режимі белгіленсін.

      3. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті (В.Р.Колесников) "Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің темір жол көпірінен бастап Новоявленка ауылына дейінгі солжағалау учаскесіндегі су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары" және "Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің оң жағалауы мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу - Ертіс өзенінің Өскемен ГЭС-інен бастап жаңа автомобиль көпіріне дейінгі учаскесіндегі оң жағалауы (Пограничная көшесінің тұстамасында), - Үлбі өзенінің Каменный Карьер кентінен бастап Ертіс өзенінің ойысына дейінгі оң және сол жағалаулары" жобаларын, мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары И.В. Белихинге жүктелсін.

      5. Ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. <*>

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ШҚО әкімдігінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 440 қаулысымен.

      Облыс әкімі
Келісілді
Ертіс бассейнді су шаруашылық
басқармасының бастығы

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2007 жылғы 3 шілдедегі
№ 163 қаулысына
№ 1 қосымша

Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 27.08.2020 № 310 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);04.05.2021 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 
Су объектісі,
оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

1

2

3

4

5

6

7

Өскемен қаласындағы темір жол көпірінен Новоявленка ауылына дейінгі сол жағалау учаскесіндегі Ертіс өзені

14,35

1325,3

500-2800

29,3

450,0

20-75

Өскемен ГЭС бөгеті тұстамасынан Пограничная көшесінің тұстамасындағы жаңа автомобиль көпіріне дейінгі Ертіс өзені, оң жағалау

12,70

980,01

300-1600

19,38

221,02

10-140

Өскемен қаласының аумағында Каменный Карьер кентінен Ертіс өзеніне құятын Үлбі өзенінің оң және сол жағалауы

19,75

2028,92

160-1600

27,87

592,59

20-380

Глубокое ауданының аумағында Каменный Карьер кентінен Үлбі өзені сағасына дейінгі сол жағалау

13,51

1446,74

400-1600

33,74

852,4

35

Глубокое ауданының аумағында Каменный Карьер кентінен Үлбі өзені сағасына дейінгі оң жағалау

1,98

154,76

400-1600

2,58

64,67

30-500

      Ескертпе:

      Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.


  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2007 жылғы 3 шілдедегі
N 163 қаулысына
N 2 қосымша

Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағындағы шаруашылық қызметке шектеу қою режимі

      1. Су қорғау аймағының шегінде мыналарға тыйым салынады:

      1) тұрғындардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті, Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің табиғи экологиялық жүйесінің бұзылуына, қоршаған ортаның өзгеруіне жол беретін шаруашылық және өзге де қызметтерге;

      2) аумақта міндетті мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасыз шаруашылық қызмет және жұмыс пен қызмет көрсету өндірісіне;

      3) Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің және олардың су қорғау аймақтарының ластануы мен қоқысталуына жол бермейтін имараттармен және қондырғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және жаңғыртылған объектілерді пайдалануға беруге;

      4) құрылыс, судың түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын, пайдалы қазбаларды өндіру, кабель, құбыр желісі мен басқа да коммуникацияларды төсеу, бұрғылау, ауыл шаруашылық және өзге де жұмыстарды белгіленген тәртіппен келісілген жобаларсыз жүргізуге;

      5) судың сапасына кері әсерін тигізетін тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, техникалық қызмет көрсету және автомашиналар мен ауыл шаруашылығы техникаларын жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды орналастыруға және құрылысын салуға, қоқыс пен өндірістік қалдықтар күресінін орнатуға, мал өлігін көметін орындарды, аппаратураларға пестицидтер мен улы химикаттарды құю алаңқайларын, авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізу үшін ұшу-қону алаңқайларын және басқа да объектілерді орналастыруға;

      6) судың жағдайына әсер ететін радиоактивті және химиялық қалдықтарды көмуге, күресіндерді, зираттарды, мал өлігін көметін орындарды және басқа да объектілерді орналастыруға;

      7) су объектілерінің су жинау алаңында улы химикаттарды, тыңайтқыштарды қолдануға тыйым салынады. Су объектілерінің су жинау алаңы мен санитарлық қорғау аймағында дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жүргізіледі;

      8) зиянсыздандыруға және қайта пайдалануға жарамайтын радиоактивті қалдықтарды, уытты заттарды әкелуге, сондай-ақ сақтауға немесе көмуге;

      9) тазарту имараттары жоқ және тиімді тазартудың нормативтеріне сәйкес қамтамасыз етілмеген өнеркәсіп, тамақ объектілерінің сарқынды суларының өзенге, оның тармақтары мен ескі арналарына құйылуына;

      10) су объектілерінің су жинау алаңдарының, су объектілерінің мұз жамылғыларының, шайылуы жер үсті және жер асты су объектілерінің сапасын нашарлатуға әкеліп соғатын қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтармен ластануларына;

      11) өзеннің (оның тармақтары мен ескі арналарының) сарқылуына әкеліп соғатын жерді жыртуға, малды тоғытуға және оларды санитарлық өңдеуге, құрылыстарды тұрғызуға және шаруашылық қызметтің басқа да түрлерін жүргізуге;

      12) қамысты шабуға және құрғақ шөпті өртеуге, түбірлерді қопаруға, өзендердің уылдырық шашу үшін маңызды арналарын өңдеуге;

      13) бас пайдаланудағы ағаш кесуді жүзеге асыруға;

      14) малды мөлшерсіз жаюға, оларды тоғытуға және санитарлық өңдеуге, су тоғандарының режимін нашарлататын шаруашылық қызметтердің басқа да түрлеріне;

      15) су көздеріндегі судың кемерінен 2000 метрден кем қашықтықта улы химикаттар мен минералды тыңайтқыштарды қолданумен ауыл шаруашылығының дақылдары мен екпе ағаштарға авиациялық өңдеуді қолдануға.

      2. Су қорғау белдеуінің шегінде, су қорғау аймағы үшін белгіленген шектеулерден басқа, мыналарға тыйым салынады:

      1) арнайы маңызы бар бас тоған, суды реттеуші, қорғау және басқа имараттардан өзге имараттар мен ғимараттардың құрылысын салуға;

      2) органикалық және минералды тыңайтқыштарды, улы химикаттар мен пестицидтерді қолдануға;

      3) су объектілерінде, оның тармақтары мен ескі арналарында және олардың жағалауында автокөлік құралдары мен басқа да механизмдерді жууға, сондай-ақ суды ластау көзі болып табылуы мүмкін кез келген жұмыстарды жүргізуге;

      4) жерді жыртуға, мал жаюға, ағаш және бұта өсімдіктерін шабуға (күтім үшін шабу мен ормандарды санитарлық шабуға ғана рұқсат беріледі);

      5) палаткалы қалашықтарды, автомобильдердің тұрағын, малға арналған жазғы лагерьлерді салуға;

      6) саяжайлар салу үшін учаскелерді бөлуге.

      Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды
реттеу департаментінің директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады