ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Каменный Карьер ауылынан батысқа қарай 1,0 км жерде орналасқан № 050-068-086-045 және № 050-068-086-237 жер учаскелерінің шекараларында Үлбі өзенінің оң жағалауының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу жөніндегі жобаны түзету" жобасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 шілдедегі № 163 "Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 2448 болып тіркелген, 2007 жылғы 7 тамызда "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
2021 жылғы "___"_______________
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 164 қаулысына қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 3 шілдедегі № 163 қаулысына 1 қосымша |
Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
| Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | ||||
Ұзындығы, км | Ауданы, га | Ені, м | Ұзындығы, км | Ауданы, га | Ені, м | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Өскемен қаласындағы темір жол көпірінен Новоявленка ауылына дейінгі сол жағалау учаскесіндегі Ертіс өзені | 14,35 | 1325,3 | 500-2800 | 29,3 | 450,0 | 20-75 |
Өскемен ГЭС бөгеті тұстамасынан Пограничная көшесінің тұстамасындағы жаңа автомобиль көпіріне дейінгі Ертіс өзені, оң жағалау | 12,70 | 980,01 | 300-1600 | 19,38 | 221,02 | 10-140 |
Өскемен қаласының аумағында Каменный Карьер кентінен Ертіс өзеніне құятын Үлбі өзенінің оң және сол жағалауы | 19,75 | 2028,92 | 160-1600 | 27,87 | 592,59 | 20-380 |
Глубокое ауданының аумағында Каменный Карьер кентінен Үлбі өзені сағасына дейінгі сол жағалау | 13,51 | 1446,74 | 400-1600 | 33,74 | 852,4 | 35 |
Глубокое ауданының аумағында Каменный Карьер кентінен Үлбі өзені сағасына дейінгі оң жағалау | 1,98 | 154,76 | 400-1600 | 2,58 | 64,67 | 30-500 |
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.