Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. "Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында ауруханаішілік жұқпалы ауруларға инфекциялық бақылауды жүргізу кезінде жұмыс жағдайы мен медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 15 тамыздағы N 349 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2950 тіркелген, 2006 жылдың 4 қыркүйегінде "Официальная газетада" N 45 (307) санында жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында ауруханаішілік жұқпалы ауруларға инфекциялық бақылауды жүргізу кезінде жұмыс жағдайы мен медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларда:
1-тармақтағы "ұйымдардағы" деген сөзден кейін "меншік нысанына қарамастан" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) ауруханаішілік жұқпалы аурулар (бұдан әрі - АЖА) - пациенттің стационарға түсуі, медициналық көмекке жүгінуі нәтижесінде өршитін кез келген клиникалық танылған жұқпалы ауру немесе медициналық ұйым қызметкерінің стационарға дейін немесе стационарда болған уақытта ауру белгілерінің пайда болу уақытына қарамастан, ұйымда жұмыс істеу салдарынан өршіген кез келген жұқпалы ауру;";
4-тармақтағы "(стационарда)" деген сөзден кейін "құрылады" деген сөз, "(бұдан әрі - комиссия)" деген сөзден кейін "тиіс" деген сөзбен толықтырылсын";
5 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Комиссия құрамына төраға - медициналық ұйымның басшысы немесе оның орынбасары, тұрақты мүшелері осы медициналық ұйымның қызметкерлерінен: (госпиталдық эпидемиолог, инфекциялық бақылау мейірбикесі, дәрігер-хирург, дәрігер-инфекционист, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, дәрігер-бактериолог, дәріхана меңгерушісі, бас мейірбеке". Қажет болған кезде басқа бейіндік мамандар: дәрігер-паталогоанатом АЖА-дан өлім жағдайы тіркелген кезде, инженер маман (медициналық аппаратураны, құрылыс, ғимараттарды пайдалану жөніндегі мәселелерді талқылаған кезде), экономист (госпиталдық жұқпалы аурулар кезінде экономикалық залал есебін жасауға), басқа мамандар медициналық ұйымдардың бейініне байланысты және басшының шешімі бойынша енгізіледі.";
"9. Клиникалық штаммаларды және микроб көрінісінің мониторингін зерделеу үшін облыс орталықтарының, қалалардың стационарларында микробиологиялық зертханалар болуы тиіс";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақшамен толықтырылсын:
"9-1. Стационар микробиологиялық зертханаларды толық көлемде: госпиталдық инфекциялардың қоздырғыштарын бөліп шығарып, сәйкестендіру, осы медициналық ұйымда қолданылатын дезинфекциялық құралдарға, антисептиктерге, антибиотиктерге бөлініп шыққан микроорганизмдер штаммасының сезімталдығын анықтау.
Әрбір медициналық ұйымда клиникалық заттарды және сыртқы орта объектілерін микробиологиялық зерттеуге арналған көрсетімдердің тізбесі әзірленуі тиіс, онда барлық қолданушылар үшін жазбаша нұсқау, сынамаларды іріктеу оларды сақтау, зертханаға жеткізу, талдау және жасау мерзімі көрсетілген зертхананың мүмкіндігі жөніндегі ақпарат болады.";
18-тармақта "пайда болу" деген сөздерден кейін "үш және одан көп" деген сөздермен ауыстырылсын;
37-тармақта "14" деген сандар "18" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларға 2-қосымшада:
4-ші графада реттік нөмірлері 3, 4-жолдарда "стационардың кестесіне сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің" Қазақстан Республикасында дезинфекциялық қызметті жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2005 жылғы 11 маусымдағы N 224 бұйрығы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (А.А. Белоног) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Б.Т. Малғаждарова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Дерновой