Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 № 130 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 300 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4520 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
"Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 300 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 қарашадағы N 258 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5093 тіркелген), Агенттік Басқармасының»"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 300 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 26 ақпандағы N 18 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5177 тіркелген) енгізілген толықтырулар мен өзгеріспен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің есеп беру ережесінде:
2-1-тармақ»"14," деген цифрден кейін»"17," деген цифрмен толықтырылсын;
5-қосымшадағы кестесінде:
"Резервтерге бөлінген қаржы" деген жолдан кейін "Резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден алынатын кірістер" деген жолмен толықтырылсын;
"Көзделмеген кірістер" деген жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Көзделмеген кірістер (резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден алынатын кірістерді қоспағанда)";
17-қосымшадағы кестесінде
"
Заем қаражаты алынғаннан бастап негізгі борышты өтеудің |
"
бағаннан кейін мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:
"
Есепті айда өтелген |
Нақты өтелген күні (міндеттемелердің |
";
19-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (Г.А. Ділімбетова):
1) Заң департаментімен (Н.В.Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4. Ақпараттық технологиялар басқармасы (А.Ж. Бейсенбаев) 2008 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде "Екінші деңгейдегі банктердің есеп-статистикалық ақпаратын жинау және өңдеу" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйенің жетілдіруін қамтамасыз етсін.
5. Агенттіктің Төрайым қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының
2008 жылғы 28 сәуірдегі N 59
"Қазақстан Республикасы екінші
деңгейдегі банктерінің есеп беру
ережесіне 19-қосымша
Мерзімі өткен берешегі бар заемдар туралы мәліметтер
______________________________________________
(банктің атауы)
200____ жылғы "____" "__________________" жағдай бойынша
(мың теңге)
Көрсеткіш атауы |
Несие портфелі |
Оның ішінде: |
||
Стандар- |
1 са- |
2 са- |
||
0-ден 30 дейін |
||||
30-ден 60 дейін |
||||
60-ден 90 дейін |
||||
90-ден 180 дейін |
||||
180 астам күн |
||||
Жиынтығы: |
кестенің жалғасы
Оның ішінде: |
Провизия- |
|||
3 санатты |
4 санатты |
5 санатты |
Үмітсіздер |
|
Басшы: _______________________________ ________________
(фамилиясы және аты) (қолы)
Бас бухгалтер: __________________________ ________________
(фамилиясы және аты) (қолы)
Орындаушы: ________________________ _______________ _____________
(қызметі, фамилиясы және аты) (қолы) (телефон номері)
Есепке қол қойылған күні 200__ жылғы "____" ___________
Мөр орны.".