"Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306 Заңын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 25 қыркүйектегі N 268-ө өкімін орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесі бекітілсін.
2. Орта білім департаменті (М. Санатова) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
Министр | Ж. Түймебаев |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2008 жылғы 10 маусымдағы N 337 бұйрығымен бекітілген |
Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық
сараптамадан өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан (бұдан әрі - ойыншықтар сараптамасы) өткізу тәртібін анықтайды.
2. Ойыншықтар сараптамасы балаларға арналған ойыншықтар қауіпсіздігінің психологиялық-педагогикалық өлшемдеріне сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ балалардың адамгершілік-эмоционалдық саулығын сақтау мақсатында өткізіледі.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орта білім департаменті (бұдан әрі - уәкілетті орган) ойыншықтар сараптамасын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады және ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу жұмысын үйлестіреді.
2. Ойыншықтар сараптамасын өткізу тәртібі
4. Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттері ойыншықтарды сарапатамадан өткізу жөніндегі Сараптамалық кеңесті (бұдан әрі - Сараптамалық кеңес) құру және жүргізу жұмыстарын ұйымдастырады.
5. Сараптамалық кеңестің құрамы облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерімен бекітіледі.
6. Сараптамалық кеңес құрамына білікті мамандар: педагогтар, психологтар, дизайнерлер, суретшілер (бұдан әрі - сарапшылар) кіреді.
7. Сараптамалық кеңестің негізгі міндеттері:
1) ойыншықтарға сараптама жүргізу;
2) Ойыншықтардың психологиялық-педагогикалық қауіпсіздік талаптарын бағалау өлшемдері (1-қосымша) негізінде қорытынды шығару.
8. Ойыншықтарды Қазақстан Республикасының рыногында орналастыратын тұлғалар (бұдан әрі - өтініш беруші) оларды Сараптама кеңесінің қарауына ұсынады.
9. Ойыншықтарға сараптама өткізу үшін өтініш беруші мемлекеттік және орыс тілдерінде Департаменттерге:
1) өтінішті (2-қосымша);
2) "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңындағы 7-баптың 4-тармағында қарастырылған ақпараттар бар екі дана ойыншық үлгісін (макет, модель);
3) 15х20 көлеміндегі ойыншық үлгісінің (макет, модель) түрлі-түсті суретін;
4) санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысын ұсынады.
10. Ережедегі 9-тармақта көрсетілген барлық материалдар бар болған жағдайда ойыншықтарды сараптамадан өткізуге өтініш берушілердің өтініштері Департаменттердің Тіркеу журналында (3-қосымша) тіркеледі.
11. Сараптама сарапшыларға осы ереженің 9-тармағында көрсетілген материалдарды ұсынған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде өткізіледі.
12. Сараптаманы өткізу үшін қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеу қажет болған кезде сараптаманы өткізу мерзімі отыз күнтізбелік күнге дейін ұзартылады.
13. Сарапшылар ойыншықтарды сараптамадан өткізу бойынша ойыншықтардың психологиялық-педагогикалық талаптарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) жөнінде қорытынды береді. Қорытынды мотивті, объективті толық негізделуі тиіс (4-қосымша).
14. Қорытындыда көрсетілуі тиіс:
1) сараптама өткізетін Департаменттің атауы;
2) заңды тұлғалар үшін - өтініш берушінің атауы және мекен-жайы;
3) жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжат мәліметтері (сериясы, нөмірі, қашан және кім берген), өтініш берушінің заңды мекен-жайы.
4) ойыншықтың атауы;
5) дайындаушының атауы;
6) ойыншық арналған баланың жасы, оның қолданылу аясы;
7) ойыншықтар қауіпсіздігінің психологиялық-педагогикалық өлшемдеріне сәйкес (сәйкес емес) дәрежесінің сапалы бағасы;
8) қорытынды берілген күні және тіркелген нөмірі;
9) қорытындының іске асу мерзімі;
10) Сараптама кеңесі төрағасының қолы.
15. Қорытынды үш жылға жарамды.
16. Өткізілуде жатқан ойыншықтарда қауіпті психологиялық-педагогикалық факторлардың бар екендігі анықталған жағдайда уәкілетті орган олар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.
17. Дайындаушы және (немесе) өтініш беруші жарамсыз деп танылған сараптама қорытындысының мәселелері бойынша қорытынды алған күннен бастап бір ай мерзімінде жетіспеушіліктерді жойып, қайта сараптама өткізу үшін Департаменттерге жүгінуге болады.
Жазбаша сұранысқа жауап өтініш берушіге 30 күнтізбелік күн мерзім өткенге дейін жіберіледі.
Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесіне 1 - қосымша |
Ойыншықтардың психологиялық-педагогикалық қауіпсіздік
талаптарын бағалау өлшемдері
1-сызба - Ойыншық қызметін іске асыру дәрежесін
бағалауға арналған шкала
1. Ойыншықтың дамытушылық қызметі | |||||
N№ | Өлшемдер мазмұны | Бағалау белгісі | |||
1-өлшем- ге толы- ғымен сәйкес емес | 2-өл- шем- ге жар- тылай сәй- кес | 3-өлшем- ге толы- ғымен сәйкес | |||
1.1 | Баланың іс-әрекетіне сәйкес зат болуының әлеуеттік мүмкіндігі (көлемі, техника- лық сапасы, заттың нақты келбетке сай болуы және т.б. с.с.) | ||||
1.2 | Баланың ынтасы мен қажетті- лігіне сай болуы (қызықтыр- ғыштығы мен жағымдылығы) | ||||
1.3 | Баланың қабілеттерін дамыту үшін пайдаланудың түрлі қыз- меттілігі (Ойыншықтың баланың түпкі ойына, әртүрлі қызмет- тегі ойын бейнесіне икемді қолдану мүмкіндігі) | ||||
1.4 | Өз бетімен (үлкендердің көме- гінсіз) пайдалану мүмкіндігі (Ойыншық балада өзіндік хабар- дарлығын және дербестігін сезінуге мүмкіндік береді) | ||||
1.5 | Біріккен әрекетте пайдалану мүмкіндігі (Ойыншықты іс-әре- кеттің ұжымдық түріне және бі- ріккен әрекеттерге қолдануға болады) | ||||
1.6 | Дидактикалық құндылығы (2-сызбаны қараңыз) (Ойыншық баланы дамыту және оқыту құралы ретінде пайдала- нылады) | ||||
1.7 | Әлеуметтік және психология- лық құндылығы | ||||
1.8 | Ойыншықтың сыртқы түрінің әсемдігі және ойыншықтың құрылымында, ойнау логика- сында және оның сипаттама- сында қателіктің болмауы | ||||
1.9 | Халықтың мәдени салттарымен байланысы | ||||
1.10 | Бірегейлігі | ||||
1.11. | Бейімділігі (ойыншық жан- жақты және балалардың жеке қасиеттеріне тәуелсіз әр түрлі мүмкіншіліктері мен қабілет- тері үшін ашық) | ||||
2. Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі | |||||
N | Өлшемдер мазмұны | Бағалау белгісі | |||
0 - өлшем- дердің болуы | 1 - өлшемдер- дің жоқтығы | ||||
2.1 | Баланы агрессивтік әрекетке аздыру | ||||
2.2 | Бейнелі ойыншықтың немесе ойындағы серіктерінің (құрбы- лары, үлкендер) рөлдеріне, ойын кейіпкерлеріне деген ба- лалардың қатыгездігін тудыруы | ||||
2.3 | Өнегесіздікпен және жәбір көрсетумен байланысты ойын сюжеттерін азғыру | ||||
2.4 | Баланың жас шамасы құзыретінен асатын жеңсік құмарлыққа қызы- ғушылығын өршіту | ||||
2.5 | Нәсілдік ерекшеліктеріне және басқа адамдардың физикалық кемшіліктеріне жағымсыз немесе менсінбейтін қарым-қатынасын арандату | ||||
2.6 | Үлкендердің құмар ойындарына деген қызығушылығын қоздыру |
2-сызба - Ойыншықтың дидактикалық құндылығының
негізгі бағыттарын анықтау
Белгісі | Белгінің мәні | ||||
Физикалық дамуы | Кіші моторика мен қол бұлшық етін дамыту | Негізгі қимыл түрлерін дамыту | Физикалық қасиеттері- нің дамуы (ептілік, т.б.) | Салауатты өмір салты жайында білімін қалыптасты- ру | т.б.с.с. |
Сенсорлық дамуы | Түстерді бағдарлай алуы | Тактилді сипатта- маларда бағдары болуы | Формаларда бағдары болуы | Уақыт пен кеңістік жайында түсінігінің болуы | т.б.с.с. |
Қоршаған ортамен танысуы | Табиғат- пен танысуы | Ересек адамдар- дың еңбе- гімен танысуы | Математика- лық білімі | Сауат ашудан білімі | т.б.с.с. |
Өнегелік тәрбие мен интеллек- туалдық дамуы | Эмоцио- налды саласын қалыптас- тыру, негізгі психика- лық про- цестерін дамытуы | Зейіннің, есте сақ- таудың, елестету- дің дамуы | Қарым-қаты- нас мәде- ниеті дағ- дыларын жүріс-тұрыс нормалары мен ереже- сін қалып- тастырылуы | Адамгерші- лік қасиет- терінің дамуы | т.б.с.с. |
Эстетика- лық дамуы | Талғамның дамуы | Көркемдік қабылдау- ының дамуы | Жақсы эмоциялар- дың қалып- тастырылуы | Шығармашы- лық қабыл- дауының дамуы | т.б.с.с. |
Ескерту:
- "Ойыншықтың дамытушылық қызметі" тобының бір ғана қасиеті ойыншыққа тән болса, онда ол білім беру құндылығына ие болады;
- "Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі" тобының бір ғана қасиеті ойыншыққа тән болса, онда бұл ойыншық берілген талаптарға сәйкес келмейтіндігін анықтайды.
Ойыншықтарды талдау интегралдық бағалау
әдісімен жүргізіледі
Интегралдық баға (ИБ) алу үшін келесі балдық бағалау жүйесі және мынадай есептеу формуласы қолданылады:
ИБ = N бойынша (A1 * A2 * ...A5 * (K1 + K4) E/N, осындағы А - "Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі" тобының белгілеріне сәйкес сарапшылардың қойған жеке бағасы;
К - "Ойыншықтардың дамытушылық қызметі" тобының белгілеріне сәйкес қойған сарапшылардың жеке бағалары;
N - сараптамаға қатысқан сарапшылардың саны;
Е - сарапшылар қойған жеке бағалардың қосындысы.
"Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі" тобының белгілеріне сәйкес ойыншыққа 0 немесе 1 балл қойылады, сондықтан А коэффициенті 0 немесе 1 мәніне ие болады.
"Ойыншықтың дамытушылық қызметі" тобының белгілеріне сәйкес ойыншық 1-ден 3-ке дейінгі балмен бағаланады, сондықтан К коэффициенті 1-ден 3-ке дейінгі мәнге ие болады (1 - бұл жағынан сапасы аз көрінеді, "3" бұл жағынан сапасы барынша айқын көрінеді).
ИБ мәні "0"-ге тең болса, ойыншықтың өлшемдерге толығымен сәйкес емес (егер 1-топтың бір өлшемі тобына "0" балл қойылса, ИБ "0" болып бағаланады).
ИБ 10-нан 50-ге дейін балл алса, ойыншық критерийлерге сәйкес болғаны. Баға неғұрлым жоғары болса, ойыншық соғырлым сапалы екенін айқындайды.
Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесіне 2-қосымша |
____________________________________________________________________
с араптама өткізуші ұйымның атауы
ӨТІНІШ ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ ойыншық (макет, модель) үлгінің.,
дайындаушының мекен-жайы көрсетілген толық атауы және
дайындалған күні
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________ өтініш берушінің мекен-жайы көрсетілген толық атауы
психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізуді сұраймын.
Дайындаушы және (немесе) өтініш беруші________________________
Қосымшасы:
1) "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңындағы 7-баптың 4-тармағында қарастырылған ақпараттар бар екі дана ойыншық үлгісі (макет, модель);
2) 15х20 көлеміндегі ойыншық үлгісінің (макет, модель) түрлі-түсті суреті;
3) санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы.
Өтініш берушінің (аты-жөні) қолы
_____________________________
Мерзімі
Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесіне 3-қосымша |
Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық
сараптамадан өткізуге берілген өтініштер мен
қорытындыларды тіркеу
ЖУРНАЛЫ
N | Өтініш бе- рушіден өтініштің түскен күні | Дайындау- шы | Өтініш беруші | Ойыншық (макет, модель) үлгісі- нің атауы | Қорытындының тіркелу нө- мірі және мерзімі (4-қосымша- да) | Өтініш берушінің қорытынды алған мер- зімі, аты- жөні, қолы |
Ойыншық үлгісінің (макет, модель)
психологиялық-педагогикалық өлшемдерге сәйкестігі туралы
20____жылғы қорытындылары жөнінде
МӘЛІМЕТ
N р/с | Қорытынды- ның тірке- лу нөмірі және мер- зімі | Ойыншық үлгісінің (макет, модель) аталымы | Өтініш беруші | Қорытын- дының қолданыс- тағы мер- зімі | Ойыншықтың фукционалдық мақсаты неме- се қолданылу аясы | Ескерту |
Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесіне 4-қосымша |
ҚОРЫТЫНДЫ
200___ж. "____"______________
Тіркеу N____________________________________________________________
өтініш берушінің атауы мен мекен-жайы
қорытынды берілді.
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні, төлқұжат мәліметтері, заңды
мекен-жайы
(сериясы, нөмірі, қашан және кім берді))
Қорытынды___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
ойыншықтың атауы, дайындаушы, қанша жастағы балаларға
арналғаны, қолданылу аясы психологиялық-педагогикалық өлшемдеріне сәйкес келеді (келмейді)
деп куәландырады.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қорытынды күші мерзімі______________________________________________
м.о. ___________________________________________________
сараптама төрағасының (төрайымының) аты-жөні және қолы
Қорытынды күші мерзімі 20___ж. "____" _____________ дейін ұзартылды.
м.о. төрағаның (төрайымның) қолы____________________
__________________________________________________________ (аты-жөні)