Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 77 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 115 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 4 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5297 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 189 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5251 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      6-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

      10-тармақтың 4) тармақшасындағы "санатына" деген сөз "шағын санатына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақта:
      1) тармақшаның бірінші абзацындағы және 4) тармақшадағы "инфрақұрылымдық облигациялар эмитентін қоспағанда," деген сөздер алынып тасталсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күндегі қаржылық есептілікке сәйкес эмитенттің соңғы аяқталған қаржы жылы үшін таза кірісінің бар болуы;".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттіктің Төрайым қызметі осы қаулыны Қазақстан
Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                    Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады