Бағалы қағаздар рыногы мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 181 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5462 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      " Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы және 2008 жылғы 20 қарашадағы " Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " Заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Агенттік Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3822 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4238 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4723 тіркелген), "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, 2008 жылғы шілде-тамызда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған ), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 125 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5304 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы ережесiне:
      1-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі акциялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектісі бар.";
      2-тармақтың 2) тармақшасындағы:
      ";" деген тыныс белгісі "."деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялық бағдарламалар шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісі бар;";
      3-тармақтың 3) тармақшасындағы:
      ";" деген тыныс белгісі "." деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы проспектісі бар;";
      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы проспектісі бар.";
      5-1-тармақта:
      2) тармақшада:
      ";" деген тыныс белгісі "." деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі акциялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектісіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бар;";
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) эмитенттің атауы, тұрғылықты жері, облигациялар саны және (немесе) олардың айналыс мерзімі кеміген жағдайда облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәліктің түпнұсқасы;";
      6) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) тұратын орны өзгерген жағдайда – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі жөніндегі куәліктің көшірмесі және жарғының көшірмесі.";
      5-2-тармақтың 1) тармақшасындағы "және (немесе) облигациялардың айналыс мерзімі" деген сөздер ", тұрғылықты жері, облигациялар саны және (немесе) олардың айналыс мерзімі кеміген" деген сөздермен "өзгерген" деген сөзден кейін ауыстырылып, жазылсын;
      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

"2-тарау. Айналыс мерзімі жиырма айдан аспайтын
облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу

      6. Айналыс мерзімі жиырма айдан аспайтын облигациялар шығарылымын акциялары қор биржасы ресми тізімінің "акциялар" секторындағы бірінші санатына енгізілген эмитент жүзеге асырады.
      7. Эмитент айналыс мерзімі жиырма айдан кем емес облигацияларды мемлекеттік тіркеу және оларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді:
      1) айналыс мерзімі жиырма айдан кем емес облигацияларды мемлекеттік тіркеу және оларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысанда жасалған сұратуды;
      2) эмитенттің қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қор биржасының қорытындысын.
      8. Айналыс мерзімі жиырма айдан кем емес облигацияларды мемлекеттік тіркеу және оларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
      8-1. Эмитент және ол ұсынған құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган облигациялар шығарылымын тіркейді және эмитентке айналыс мерзімі жиырма айдан кем емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді.";
      9-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы есеп бар.";
      9-1-тармақтың төртінші абзацы "жеке шотынан" деген сөздерден кейін "(жеке шоттардың бірыңғай жүйесінен) не номиналдық ұстау есеп жүйесінен" деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) облигацияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күнгі эмитенттің жеке шотының жай-күйі туралы тіркеуші берген анықтаманың көшірмесі.";
      13-тармақтағы "немесе айналыс мерзiмi үш айдан аспайтын облигациялардың шығарылымын" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-қосымшадағы 21-тармақтың екінші абзацындағы "(тұрғылықты жерi)" деген сөздер алынып тасталсын;
      4-қосымшаның атауындағы "үш" деген сөз "он екі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-қосымшада:
      5-тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацындағы "көлемi" деген сөз алынып тасталсын;
      8-тармақтың алтыншы абзацының екінші сөйлеміндегі "данасы" деген сөзден кейін "есепті айдың соңындағы жағдай бойынша немесе облигацияларды орналастыру аяқталған күнгі қаржылық есеп берумен және" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-қосымшаның 6-тармағының екінші абзацының бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облигацияларды өтеу қорытындысы туралы есеп есепті айдың соңындағы жағдай бойынша немесе облигацияларды орналастыру аяқталған күнгі қаржылық есеп берумен қоса тігіледі, оған бірінші басшы, бас бухгалтер, не олардың орындарындағы тұлғалар қол қояды және эмитенттің мөрінің бедерімен расталады.".
      3. Осы қаулы оның 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының жиырма бірінші абзацын және 2-тармағының отыз алтыншы абзацын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Лицензиялау департаменті (Қасқаманова Н.К.):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      5. Агенттіктің Төраға Қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

       Төрайым                                      Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады