Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 28 қарашадағы N 326 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5491 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы N 91 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.03.30 N 91 Бұйрығымен.

      "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 588 қаулысының 2-тармағын іске асыру мақсатында "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өзен кемелерін және оларға құқықты мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өзен кемелерін жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы темір жол жылжымалы құрамын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы темір жол жылжымалы құрам кепілін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі                            З. Балиева

       "Келісілген"
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация министрі
      С.Н. Ахметов
      29 қараша 2008 жыл

      РҚАО-ның ескертуі!
Бұйрықтың мемлекеттік тілдегі мәтінінде қосымшасы берілмегендіктен орыс тіліндегі мәтінін қараңыз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады