"Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан республикасы Табиғи монополияларды реттеу жіне бәсекелесті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 17-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 396-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 22 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5498 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 17-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2154 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 14, 829-құжат), "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы N 138-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2357 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 28 маусымдағы N 26 нөмірінде жарияланған), "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 6 ақпанда N 2154 нөмірмен тіркелген "Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 17-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 13 ақпандағы N 70-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2767 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 10 сәуірдегі N 15 нөмірінде жарияланған) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен, мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулықта:

      13-тармақта:

      екінші абзацта "деңгейіне сүйене отырып" деген сөздерден кейін ", ал олар болмаған жағдайда - мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен және Қазақстан Республикасының егемен рейтингісіне теңдестірілген

      рейтингісімен отандық компаниялардың еврооблигациялар табыстылығының орташа жылдық деңгейіне сүйене отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзац мынадай редакциядағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен және Қазақстан Республикасының егемен рейтингісіне теңдестірілген рейтингісімен отандық компаниялардың еврооблигациялар табыстылығының орташа жылдық деңгейі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің не Қазақстан Даму Банкінің деректерінің негізінде айқындалады.".

      14-тармақтағы "Жеке капиталға тәуекел үшін сыйлықақыны уәкілетті орган белгіленген тәртіппен айқындайды." деген сөздер "Жеке капиталға тәуекел үшін сыйлықақы Қазақстан Республикасының қор нарығы бойынша тұтастай тәуекел үшін сыйақының негізінде айқындалады және салалық бета-коэффициентке мынадай формула бойынша түзетіледі: r а = b х (r m + r f ), мұндағы

      r m - Қазақстан Республикасының қор нарығы бойынша тұтастай бір күнтізбелік жыл үшін орташа жалпы нарықтық табыстылығы;

      b - энергетикалық сектордың салалық бета-коэффициенті.

      Энергетикалық сектор ұйымының іске қосылған активтеріне пайда ставкасын есептеу үшін салалық бета-коэффициент 0,89 деңгейінде қабылданған." деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу

      агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен

      бақылау департамент (А.В. Шкарупа) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:

      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

      Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары АҚ.М.

      Смағұловқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Н. Алдабергенов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады