Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 тамыздағы N 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 93 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 23 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5507 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012.02.24 № 42 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 тамыздағы N 86 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4417 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2006 жылғы N 16 жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4988 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 23 қарашада N 180 (1209) жарияланған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 343 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 тамыздағы N 86 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 110 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Валюта түсудің болжанған мерзімі мәміле паспортына қосымша парақта немесе мәміле паспортын ресімдеу талап етілмейтін келісім-шарттар бойынша жаңа өтініште мынадай жағдайларда жаңа мерзімді көрсету арқылы өзгертіледі:
      1) егер мәміле паспортында көрсетілген валюта түсудің болжанған мерзімін экспортер немесе импортер келісім-шарттың талаптарына сәйкес келмейтіндей және (немесе) осы Ереженің нормаларын ескерместен есептесе;
      2) келісім-шарт бойынша резидент еместің міндеттемелерін орындау мерзімдеріне және талаптарына әсер ететін жағдайлардың басталуын растайтын мынадай құжаттар болса:
      келісім-шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар;
      сот немесе өзге мемлекеттік органның, төрелік соттың шешімі;
      дүлей күш жағдайларының туындауын растайтын құжаттар.
      Дүлей күш жағдайлары туындаған немесе сот немесе өзге мемлекеттік органның, төрелік соттың шешімінде келісім-шарт бойынша резидент еместің міндеттемелерін орындау мерзімдері болмаған кезде валюта түсудің болжанған мерзімі үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Экспортер немесе импортер келісім-шарт бойынша тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімдері мен талаптарына әсер ететін жағдайлар туындаған жағдайда уәкілетті банкке немесе Ұлттық Банктің филиалына (Ұлттық Банктің филиалында ресімделген мәмілелер паспорты бойынша) растайтын құжаттарды ұсынады.
      Құжаттар олар бар болған кезде резидент еместің экспортер немесе импортер алдындағы орындалмаған міндеттемелерінің сомасы баламасы он мың АҚШ долларынан асқан болжамды мерзім аяқталатын айдың соңғы күнінен кешіктірмей ұсынылады.
      Вексель бойынша төлем алған кезде немесе вексель бойынша талаптар құқықтарын үшінші тұлғаға өткізу кезінде растау құжаттарын экспортер немесе импортер вексель бойынша төлем немесе вексель бойынша талаптар құқықтарын өткізу күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде ұсынады .";
      мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "5-1. Ереженің 5-тармағына сәйкес құжаттар ұсынылмаған кезде уәкілетті банк Ереженің 44-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдай басталған айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей экспортердің немесе импортердің атына келісім-шарт бойынша резидент еместің міндеттемелерінің немесе келісім-шарт бойынша резидент еместің міндеттемелерін орындау мерзімдері мен талаптарына әсер ететін жағдайлардың орындалғанын растайтын құжаттар ұсынуы туралы сұрату (жазбаша нысанда не электрондық цифрлы қолтаңбаны пайдалана отырып) жібереді.
      Ұлттық Банктің филиалы уәкілетті банк Ереженің 44-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жіберген ақпарат, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалында ресімделген мәмілелер паспорты негізінде экспортердің немесе импортердің атына жазбаша ақпарат және тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімдері мен талаптарына әсер ететін жағдайларды растайтын құжаттарды, сондай-ақ келісім-шарт бойынша резидент еместің міндеттемелерін орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынуы туралы жазбаша сұрату жібереді.
      5-2. 5-1-тармаққа сәйкес сұратылған құжаттарды (бар болған кезде) және ақпаратты экспортер немесе импортер сұрату алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде жазбаша түрде ұсынады.
      Уәкілетті банк экспортердің немесе импортердің Ереженің 5 және 5-2-тармақтарында көзделген мерзімдерді сақтауын бақыламайды.";
      7-тармақтағы "5-тармағына" деген сөз және цифр "5 және 5-2-тармақтарына" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;
      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) осы Ереженің 4-1-тармағында көрсетілген;";
      44-тармақта:
      1) тармақшадағы "және резидент еместің міндеттемелерді орындауын растайтын не болжанған мерзімдерді өзгертетін құжаттарды және ақпаратты экспортердің немесе импортердің ұсынбауы" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) тармақша алынып тасталсын;
      1 және 2-қосымшаларда " Валюта түсудің болжамды мерзімі " бағанынан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Резиденттің валютаны қайтару жөніндегі міндетін орындауды қамтамасыз етпеуі және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесінің 5 және 5-2-тармақтарына сәйкес құжаттарды ұсынбауы (уақтылы ұсынбауы) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 187 және 180-баптарында көзделген жауапкершілікке алып келеді.";
      7-қосымшаны толтыру бойынша Нұсқауда:
      алтыншы абзацтағы "және резидент еместің міндеттемелерді орындауын растайтын не болжанған мерзімдерді өзгертетін құжаттарды және ақпаратты экспортердің немесе импортердің ұсынбауы" деген сөздер алынып тасталсын;
      жетінші және он үшінші абзацтар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы                                         Ә. Сәйденов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау агенттігі
      Төраға Е. Бахмутова
      2008 жылғы 9 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      Министр Б. Жәмішев
      2009 жылғы 13 қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады