Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5331 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықта:
кіріспесі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
" Осы Нұсқаулықта көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғалары бөлігіндегі нормалар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына тура иелік етуі (банктер бойынша – жанама) нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленген болып табылатын заңды тұлғаларға және олардың аффилиирленген тұлғаларына қатысты қолданылмайды.";
36-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын :
"5-1) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздары ;";
37-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын :
"37. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз активтерін мынадай халықаралық қаржы ұйымдарының айналысқа шығарған, "Standard & Poors" агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бағалы қағаздарына орналастыра алады:";
9) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын ;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын :
"10) Еуразиялық даму банкі .";
41-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын :
" 2-1) мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздарға жиынтық орналастыру (кері РЕПО операцияларын қоса алғанда) - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды;
2-2) тізбесі осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына жиынтық орналастыру (кері РЕПО операцияларын қоса алғанда) - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды;";
мынадай мазмұндағы 41-1 тармақшамен толықтырылсын :
"41-1. Осы Нұсқаулықтың 41-тармағында көрсетілген әртараптандыру нормативтері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының бағалы қағаздарына тарамайды .";
4-қосымшада:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4.1.-жолмен толықтырылсын:
"
4.1. | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған, күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) борыштық бағалы қағаздары | 11141 | 100 % |
";
реттік нөмірі 9-жолда " ескере отырып) " деген сөздерден кейін "тізбесі осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген " деген сөздермен толықтырылсын ;
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің қатысуымен жасалынатын (НД3) "кері РЕПО" мәмілелері отыз күннен аспайтын мерзімге және тек автоматты тәсілмен жасалынуы мүмкін, қайта сақтандыру активтерін шегергендегі активтерінің отыз пайызынан аспайды" деген екінші кестедегі
"
2. | "Өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының сақтанушыларға беретін заемдарының жиынтық мөлшері - (НД5) қайта сақтандыру активтерін шегергендегі активтерінің он пайызынан артық емес |
"
деген реттік нөмірі 2-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3, 4 -жолдармен толықтырылсын :
"
3. | Мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздарға ("кері Репо" операцияларын қоса алғанда) жиынтық орналастыру (НД6) – қайта сақтандыру активтерін шегергендегі активтерінің он пайызынан артық емес | ||
4. | Тізбесі осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына ("кері Репо" операцияларын қоса алғанда) жиынтық орналастыру (НД7) – қайта сақтандыру активтерін шегергендегі активтерінің он пайызынан артық емес |
";
5-қосымшада:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8092-1 -жолмен толықтырылсын :
"
8092-1 | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздары |
";
реттік нөмірі 8103 -жол мынадай редакцияда жазылсын :
"
8103 | Тізбесі осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары |
";
6-қосымшада:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4.1.-жолмен толықтырылсын :
"
4.1. | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған, күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) баланстық құнның 100% көлеміндегі борыштық бағалы қағаздары |
";
реттік нөмірі 8-жолда " Халықаралық " деген сөз " Тізбесі осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген халықаралық " деген сөздермен ауыстырылсын ".
2 . Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2009 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде "Сақтандырушылық қадағалау" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін.
4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын ;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, " Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін .
5. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын .
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін .
Төрайым | Е. Бахмутова |