"Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 7 маусымдағы N 154/19-ІІІ "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне акциз ставкаларын және тіркелген жиынтық салығының ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы Мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы N 62/10-ІV шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 4 мамырда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 530 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 203/31-IV Шешімімен.

      Ескерту: Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 203/31-IV Шешімімен.
____________________________

      Қолданушылардың назарына!!!
      Шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 394-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 7 маусымдағы N 154/19-ІІІ "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне акциз ставкаларын және тіркелген жиынтық салығының ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 4 шілдеде 398 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 7 шілдеде N 102 "Вечерняя Астана", 2005 жылғы 7 шілдеде N 91 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған), Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 9 ақпандағы N 342/43-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 7 маусымдағы N 154/19-ІІІ "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне акциз ставкаларын және тіркелген жиынтық салығының ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 1 наурызда 463 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 13 наурызда N 44-45 "Вечерняя Астана", 2007 жылғы 6 наурызда N 43-45 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған), Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы N 383/47-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 7 маусымдағы N 154/19-ІІІ "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне акциз ставкаларын және тіркелген жиынтық салығының ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 26 маусымда 470 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 3 шілдеде N 109 "Астана хабары", 2007 жылғы 6 шілдеде N 117 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын: "Тіркелген жиынтық салығының ставкаларын белгілеу туралы";

      2) кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын: "Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 394-бабына сәйкес";

      3) 1 тармақ алынып тасталсын;

      4) осы шешімге 1 қосымша алынып тасталсын;

      5) осы шешімге 2 қосымшадағы 5, 6, 13 реттік нөмірлері бар жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                 Ж. Нүркенов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                         В. Редкокашин

      КЕЛІСІЛДІ:
      Салық комитетінің
      төрағасы                                     А. Еңсегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады