Астана қаласының жекелеген көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңартылған

Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 19 мамырдағы N 63 Қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 27 мамырдағы N 97/15-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 9 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 536 болып енгізілді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика комиссиясының 2008 жылғы 4 наурыздағы N 26, 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 3 және 2008 жылғы 14 мамырдағы N 4 шешімдері негізінде Астана қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТI:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 04.12.2014 № 110-2043 қаулысы және мәслихатының 11.12.2014 № 312/45-V (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. "Сарыарқа" ауданы бойынша:
      Қ. Жалайыри көшесі - Әлия Молдағұлова көшесі;
      Ә. Молдағұлова көшесі - Қоскөл көшесі болып қайта аталсын.
      2. "Алматы" ауданы бойынша:
      40-19 көше - Шарль де Голль көшесі;
      23-12 көше - Райымбек батыр көшесі;
      74 көше - Қадырғали Жалайыри көшесі болып аталсын.
      3. Астана қаласы "Алматы" және "Сарыарқа" аудандарының әкiмдерi, "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы департаменті" мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешiмдi iске асыру жөнiнде қажеттi шара қабылдасын.
      4. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және Астана қаласы мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі                     И. Тасмағамбетов

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       С. Богатырев

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы                                    В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады