Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2010.02.23 № А-2/266 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес және 2003 жылдың 25 ақпанында N 1570 Ақмола облыстық әділет басқармасында тіркелген Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N А-2/49 "Ақмола облысындағы әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы" қаулысын орындау үшін және жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысанды топтың 80 жұмыссызы үшін үш ай мерзімге әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын Көкшетау қаласының ұйымдары мен кәсіпкерлерінің қоса берілген тізбесі бекітілсін.
Ескерту. Өзгерту енгізілді - Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 5 наурыздағы N А-3/418 қаулысымен.
2. Бекітілген әлеуметтік жұмыс орындарды тәртіп бойынша өткізу үшін қалалық кәсіпорындарға "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен қажет шарттар жасау ұсынылсын, сонымен қатар еңбек түрі, мерзімі, жағдайы көрсетілген жеке еңбек шартына сәйкес жұмыссыздардың жұмысқа қабылдануларын жүзеге асырсын.
3. "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген тапсырма талабымен осы мақсатқа бөлінген қаржының шегінде кәсіпорындармен өтініштеріне сәйкес жұмыссыз азаматтарды өтінімдер бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша орналастыру үшін жолдама берсін.
4. "Көкшетау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын өткізу шараларына бюджет қаражатында осы мақсаттарға сәйкес қарастырылған жалпы сомасы 1252000 (бір миллион екі жүз елу екі мың) теңгемен қаржыландыруды жүзеге асырсын.
5. 2007 жылғы 17 мамырда N 20 "Көкшетау" және 2007 жылғы 24 мамырдағы N 21 "Степной маяк" газеттерінде жарияланған, "Көкшетау" қаласының әділет басқармасында N 1-1-60 болып тіркелген 2007 жылғы 26 сәуірдегі N А-4/393 "2007 жылы Көкшетау қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарына таратылады.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.З.Жұпыновқа жүктелсін.
8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Ескерту. 8 тармақпен толықтырылды - Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 5 наурыздағы N А-3/418 қаулысымен; Өзгертулер енгізілді - Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 шілдедегі N A-7/1075
Қала әкімі
Қосымша
2008 жылғы 11 қаңтардағы
N A-1/18 Көкшетау қаласы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
Нысанды топтың 80 жұмыссызы үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын Көкшетау қаласының ұйымдары мен жеке кәсіпкерлердің тізбесі
N р/с |
Жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың атауы |
Адамдар саны |
1. |
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы |
5 |
2. |
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Авариялық-жөндеу қызметі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
15 |
3. |
"Көкшетау жол пайдалану учаскесі" ашық акционерлік қоғамы |
15 |
4. |
"Әсенова А.Б." жеке кәсіпкер |
5 |
5. |
"Автомобилист" пәтер иелері кооперативі |
2 |
6. |
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Көкшетау Су Арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
15 |
7. |
"Береке-2006" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
10 |
8. |
"Көкшетау Бизнес-Консалтинг" |
3 |
9. |
"Гормолзавод" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
10 |