Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі N С-14/21 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 22 қыркүйекте N 1-1-87 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 21 ақпандағы № С-15/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 21.02.2013 № С-15/8 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 36 бабы, 2 тармағының 5) тармақшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 20 наурыздағы N С-9/13 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы" (Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 31 наурызда N 1-1-80 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 сәуірде "Көкшетау" N 16 және 2008 жылғы 10 сәуірде "Степной маяк" N 16 газеттерінде жарияланған) шешімінің 3 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Осы шешім Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi".
      2) Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 20 наурыздағы N С-9/16 "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін біржолғы талондар құнының мөлшерін және тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы" (Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 31 наурызда N 1-1-81 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 сәуірде "Көкшетау" N 16 және 2008 жылғы 10 сәуірде "Степной маяк" N 16 газеттерінде жарияланған) шешімінің 4 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Осы шешім Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi".
      2. Осы шешім Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық мәслихатының
      14 сессияның төрағасы                      М.Жанұзақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады