"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу ережесін" бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 20 наурыздағы N С-9/13 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 31 наурызда N 1-1-80 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы № С-44/15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011.03.11 № С-44/15 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 24 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабы, 5 тармағына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу ережесі" (қоса берілді) бекітілсін.
      2. Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N С-6/14 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу тәртібін бекіту туралы" (Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 29 желтоқсанда N 1-1-72 болып тіркелген, 2008 жылғы 24 қаңтарда  "Көкшетау" N 4 және 2008 жылғы 24 қаңтарда "Степной маяк" N 4 газеттерінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2008.09.04 № C-14/21 шешімімен.

      Төртінші шақырылған Көкшетау
      қалалық мәслихатының тоғызыншы
      сессияның төрайымы, Көкшетау
      қалалық мәслихатының хатшысы   

Көкшетау қалалық мәслихатының
2008 жылғы 20 наурыздағы
N С-9/13 шешімімен
бекітілген

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын  шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу ережесі 1. Жалпы ереже

      1. Осы Төлем ережесі жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтейтін өтемақының төленуін реттейді.
      2. Төлем ережесін қабылдаудың құқықтық негізі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 24 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңы болып табылады. 

2. өтемақы төлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

      3. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек көрсету 451-004 бағдарлама әкімгері "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып анықталсын. 

3. Отын сатып алу үшін өтемақы төлеу тәртібі және мөлшері

      4. Өтемақы төлемі жылына бір рет отбасының бір мүшесіне ақшалай түрде ұсынылады.
      5. Отын сатып алу өтемақысына үміткер "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш;
      2) жеке куәліктің көшірмесі;
      3) үйдің, пәтердің техникалық паспортының көшірмесі;
      4) СТН (салық төлеушінің нөмірі) көшірмесі;
      5) үй кітапшасының көшірмесі;
      6) жұмыс орнынан анықтама. 

4. Өтемақы төлемін қаржыландыру

      6. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін өтемақы төлеу шығындарын қаржыландыру "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету" 451-004 бюджеттік бағдарламасы бойынша қала бюджетінен бөлінеді. 

5. Төлемді жүзеге асыру тәртібі

      7. "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бір маманға шаққанда жылына 3000 килограмм көмір отын шығынының есеп айырысуына сәйкес тізімдерді қалыптастырып, ұсынады және ақша қаражаттарын өтініш берушілердің жеке есеп шоттарына жібереді. 

6. Төлемнің жүзеге асырылуын бақылау

      8. Әлеуметтік төлемдерді берілуі жөніндегі бақылау мен есеп беру қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады