2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Көкшетау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 44 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 қаңтарда № 1-1-116 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 45 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің 2010.11.26 № 45 шешімімен.
      Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережелерімен» сәйкес, Көкшетау қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Көкшетау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. 2008 жылдың 24 желтоқсанында № 1-1-93 Көкшетау қаласының әділет басқармасында тіркелген (2009 жылдың 8 қаңтары № 1 «Степной маяк» және «Көкшетау» газеттерінде жарияланған) Көкшетау қаласы әкімінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 27 «Көкшетау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде осы жылы он жеті жасқа толған ер азаматтарды тіркеу туралы» шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.
      4. Осы шешім Көкшетау қаласы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                 Б.Сапаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Көкшетау қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            К.Т.Нұрмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады