2009 жылы азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 33 шешімі. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 ақпанда № 1-5-105 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 15 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2009.05.25 № 15 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдары негізінде және азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу және оларды әскери есепке енгізуді ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету мақсатымен Атбасар ауданының әкімі шешім етті:
      1. Тіркеу жылында 17 жасқа толған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне әскери есепке қою үшін шақыру учаскесі құрылсын. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2009 жылғы қаңтар - наурыз айларында жүргізілсін.
      2. Шақыру пункті «Атбасар қаласының Қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (алдағы ММ) Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласының Лука Белаш көшесі, 52/1 үйі мекен-жайында ұйымдастырылсын (келісім бойынша).
      3. «Атбасар қаласының Қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі» ММ бастығы М.Е.Тұрмановқа (келісім бойынша) тіркелуге тиісті азаматтардың шақыруы жүргізілсін.
      4. «Атбасар орталық аудандық ауруханасы» ММ бас дәрігері Т.М. Махамбетоваға (келісім бойынша) және «Атбасар аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері С.А.Панасюраға (келісім бойынша) әскерге шақырылатындарды медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық комиссияны қажетті маман-дәрігерлермен және орташа медициналық қызметкерлермен қамтамасызету.
      5. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу бойынша шаралардың орындалуына байланысты шығындар аудандық бюджет қаржысы есебінен жүргізілсін.
      6. «Атбасар қаласының Қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі» ММ бастығы М.Е.Тұрмановқа (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу нәтижесі туралы аудан әкіміне ақпарат беру.
      7. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарында туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      8. Осы шешім Атбасар ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оны ресми жариялану күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Атбасар ауданының әкімі                          Р. Әубәкіров.

«Келісілген»

«Атбасар аудандық емханасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорынның бас дәрігері                        .Панасюра

«Атбасар орталық аудандық
ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің
бас дәрігері                                     Т. Махамбетова

«Атбасар қаласының Қорғаныс
істері бойынша бірлескен бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы                  М. Тұрманов

«2009 жылы азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы» Атбасар ауданы әкімінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 33 шешіміне
АНЫҚТАМА - НЕГІЗДЕМЕ

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні  ұсынатын мемлекеттік орган.

Атбасар ауданының әкімі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті).

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31,37 баптары.

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды).

Осы шешім азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу, санын анықтау, әскери қызметіне даярлығының дәрижесін анықтау және Атбасар қаласының Қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімінің шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу және физикалық дайындығының жалпықұру деңгейін белгілеуін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер.

Атбасар ауданы әкімінің 2007 жылдың 24 желтоқсандағы «1990 жылы туған азаматтардың шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы» № 73 шешімі.

5.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер.

Атбасар ауданы әкімінің 2008 жылдың 1 желтоқсандағы «1992 жылы туған азаматтардың шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы» № 29 шешімі.
Атбасар ауданы әкімінің 2008 жылдың 26 желтоқсандағы «Атбасар ауданы әкімінің шешімін жою туралы» № 32 шешімі.

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме.

Қаралмайды.

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

«Атбасар аудандық емхана» мемлекеттік қазыналық коммуналды кәсіпорынымен, «Атбасар аудандық орталық аурухана», «Атбасар қаласының Қорғаныс істері бойынша бірлескен бөлімі» мемлекеттік мекемелерімен келісілген.

Атбасар ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық жұмыс
бөлімінің бастығы                                 А.Гавриленко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады