Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы N С16-5 "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 4C10-10 шешімі. Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 14 қаңтарда N 1-8-74 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 маусымдағы № 93 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 05.06.2014 № 93 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының негізінде және аудан әкімдігінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2005 жылғы 24 ақпандағы № С16-5 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық Тізілімінде № 3111 тіркелген, 2005 жылғы 8 сәуірде аудандық апталық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде жарияланған) шешіміне, аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 2 маусымдағы № С19-3 «Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы № 16-5 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық Тізілімінде № 1-8-10 тіркелген, 2005 жылғы 17 маусымда аудандық апталық «Шұғыла-Целинная нива» газетінің № 23 санында жарияланған), 2005 жылғы 5 қазандағы № С22-5 «Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы № 16-5 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық Тізілімінде № 1-8-20 тіркелген, 2005 жылғы 31 қазанда аудандық апталық «Шұғыла-Целинная нива» газетінің № 40 санында жарияланған), 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С4-4 «Аудандық  мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы № С16-5 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық Тізілімінде № 1-8-60 тіркелген, 2008    жылғы 10 қаңтарда аудандық апталық «Шұғыла-Целинная нива» газетінің  № 1 санында жарияланған), 2008 жылғы 26 маусымдағы № 4С6-6 «Аудандық  мәслихаттың 2005 жылғы 24 ақпандағы №С16-5 «Жекелеген санаттағы  мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту  туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық Тізілімінде № 1-8-70 тіркелген, 2008 жылғы 21 шілдеде аудандық апталық «Шұғыла-Целинная нива» газетінің № 27 санында жарияланған) шешімдерімен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескеріле отырып, келесі толықтырулар енгізілсін:
      1) 2 бөлімінің 5-1 тармағының 2 тармақшасы  келесі  сөздермен толықтырылсын « және коммуналдық қызмет шығынын өтеуге»;
      2) 2 бөлімінің 5-1 тармағы келесі мазмұндағы 4 тармақшамен толықтырылсын: «4) жоғарғы оқу орындарының 5-6 курс студенттеріне оқу ақысын төлеуге»;
      3) 4 бөлім келесі мазмұндағы 12-2 тармақпен толықтырылсын:
      12-2. 5-6 курстардың студенттерін оқыту ақысы бір оқушыға 300000 (үш жүз) мың теңгеге дейінгі шектеулі мөлшерде.»;
      4) 5 бөлім келесі мазмұндағы 14-2 тармақпен толықтырылсын: «14-2. Студент оқитын оқу орнының растаушы құжаттарының негізінде».
      2. Осы шешім  Егіндікөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы:                      С.Жүсіпова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы:                                   Р.Муллаянов

      КЕЛІСІЛДІ

      Егіндікөл ауданның
      әкімі                                      Б.Султанов

      КЕЛІСІЛДІ

      Егіндікөл ауданның
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          А.Казбеков

      КЕЛІСІЛДІ

      Егіндікөл ауданның
      экономика және
      бюджеттік жоспарлау
      бөлімінің бастығы                          Ж.Серкебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады