Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 15 қазандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы" № С-3/3 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № С-11/8 шешімі. Ақмола облысы Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қаңтарда № 1-10-80 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2010 жылғы 2 шілдедегі № С24/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2010.07.02 № С24/5 (қолданысқа енгізу тәртібін  5-тармақтан қараңыз) шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 15 қазандағы «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін  бекіту туралы» № С-3/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық Тізілімінде № 1-10-66 тіркеліп, 2007 жылғы 30 қарашада аудандық «Жаңа дәуір» газетінде және 2007 жылғы 1-желтоқсанда аудандық «Сельская Новь» газетінде жарияланған) келесідей өзгертулер енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерінің 4 тармағындағы:
      үшінші абзацтағы «оқу орны белгілеген оқу құнының жылдық мөлшерінде» сөздері алынып тасталсын;
      алтыншы абзацтағы «бюджеттік комиссияда алдағы жылға бекітілген сомаға сәйкес» сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет пен қаржы, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
      3.Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне еніп, ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы              З.Құсайынова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                             М.Исажанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудан әкімі                          Т.Хамитов

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің
      бастығы                              Т. Әбуова

      Қаржы бөлімінің бастығы             А.Бекенова

      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімінің бастығы        Б.Бейсенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады