"Жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит берудің негізгі шарттарын анықтау туралы" облыс әкімдігінің 2008 жылғы 15 мамырдағы N 172 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008 жылғы 17 қыркүйектегі N 332 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 29 қыркүйекте N 3268 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 158 қаулысымен

       Ескерту. Қаулысының атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008.12.22 N 429 Қ аулысымен .

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2008 жылдың 10 маусымындағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінің N 69 нөмірінде жарияланған, Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 26 мамырда N 3253 тіркелген, "Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит берудің негізгі шарттарын анықтау туралы", облыс әкімдігінің 2008 жылғы 15 мамырдағы N 172 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:     

      қаулының "Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит берудің негізгі шарттарын анықтау туралы" атауындағы "шағын" деген сөзден кейін "және орта" деген сөзбен толықтырылсын;

      қаулының 1 тармағында:
      120 000 саны 200 000 санымен өзгертілсін;

      "кредитор - бағдарламаның әкімшісі "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті" ММ" деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда "Бағдарламаның кредиторы "Ақтөбе облысы қаржы басқармасы" ММ, бағдарламаның әкімшісі "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" ММ болып жазылсын;

      "шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (одан әрі ШКДҚ) сөздерін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (одан әрі "Даму") КДҚ сөздерімен өзгертілсін;

      "соңғы қарызгерлер - шағын кәсіпкерлік субъектілері" деген жолдағы "шағын" деген сөз "және орта" сөзімен толықтырылсын;

      "бюджеттік несие алушылары" сөзінен кейін мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      қолайлы несиелік тарихы бар шағын және орта бизнес субъектілеріне бұрын берілген несиені қайта қаржыландыруға бағытталған қаражат көлемі 30 пайызынан аспауы тиіс.

      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Е. Сағындықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады