Ақтөбе қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 сәуірдегі N 169 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2009 жылдың 27 мамырда N 3-1-111 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы № 233 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010.02.05 № 233 шешімімен.

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Достық» және «Арай» жабық базарында тауар сатушы тұлғалар үшін біржолғы талон құнын бекіту туралы» Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2008 жылғы 21 сәуірінде № 3-1-86 санымен тіркелген «Ақтөбе» 2008 жылғы 6 мамырдағы № 53 және «Актюбинский вестник» 2008 жылғы 1 мамырындағы № 52 газеттерінде жарияланған, Ақтөбе қалалық мәслихатының « Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 3-1-86 санымен тіркелген Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті бесінші сессиясының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 51 «Достық» және «Арай» жабық базарларында тауар сатушы тұлғалар үшін бір жолғы талондар құнының мөлшерін сол кезеңге сәйкес бекітілген айлық есептік көрсеткішіне коэффициенттерді қолдану арқылы бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы » Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2008 жылғы 22 қазанында № 3-1-96 санымен тіркелген «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» 2008 жылғы 11 қарашасындағы № 135-136 газеттерінде жарияланған шешімімен өзгерту енгізілгенін ескере отырып, Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 51 шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін:
      тақырыбында және мәтінінде «бекіту» және «бекітілсін» сөздері «белгілеу» және «белгіленсін» сөздеріне өзгертілсін;
      шешімнің 1 тармағындағы «сол кезеңге сәйкес бекітілген айлық есептік көрсеткішіне коэффициенттерді қолдану арқылы» сөздері алынып тасталсын.
      2. «Тіркелген жиынтық салық мөлшерін белгілеу туралы» 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 303 шешіміне өзгертулер енгізу туралы» Ақтөбе қалалық әділет басқармасында 2009 жылғы 13 қаңтарында № 3-1-102 санымен тіркелген «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 9-10 газеттерінде жарияланған, Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 112 шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 303 «Тіркелген жиынтық салық мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы»;
      шешімнің 1 тармағындағы «тіркелген» сөзінен кейін «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» 2007 жылғы 23 қаңтардағы № 7 газеттерінде жарияланған » сөздері қосылсын;
      шешімнің қосымшасындағы 4 жолы жаңа редакцияда жазылсын: «Ойын жолы»;
      шешімнің қосымшасындағы 5 жолы жаңа редакцияда жазылсын: «Карт»;
      шешімнің қосымшасындағы 6 жолы жаңа редакцияда жазылсын: «Бильярд үстелі».
      3. Шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                       Р. Есмағамбетов
      Мәслихат хатшысы                      С. Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады