Ақтөбе қаласындағы кейбір көшелерді қайта атау, қала аумағындағы елді мекендердің және шағын аудандардың атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Бірлескен Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 868 қаулысы және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 60 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 24 сәуірде № 3-1-87 тіркелді.

      Ескерту. Бірлескен қаулысының және шешімінің бүкіл мәтін бойынша "Благодар селолық округінің" деген сөздері "Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының" деген сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 28.08.2018 № 5464а және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 28.08.2018 № 366 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Бірлескен қаулысының және шешімінің бүкіл мәтін бойынша қазақ тілінде "ауылының" деген сөздері "ауылының" деген сөздерімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 28.08.2018 № 5464а және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 28.08.2018 № 366 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе қаласының мынадай көшелері:

      1) Скулкин көшесі Шәмші Қалдаяқов көшесі;

      2) Клубная көшесі Төлеу Алдияров көшесі;

      3) Новочеркасская көшесі Төлеген Айбергенов көшесі;

      4) Пионерский көшесі Александр Яншин көшесі болып қайта аталсын.

      2. Батыс-Қазақстан жәрмеңкесі орналасқан айналма тас жол Кеңес Нокин атындағы даңғыл болып аталсын.

      3. "Заречный"-2" шағын ауданының атаусыз көшелеріне Қамбар Медетов, Василий Мощенский, Байдалы Өмірұлы есімдері берілсін.

      4. "Оңтүстік-Батыс-1" шағын ауданының атаусыз көшелеріне Көтібар батыр және Арыстан батыр есімдері берілсін.

      5. Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының Кеңес Нокин ауылының көшесіне Ілияс Есенберлин есімі берілсін.

      Ескерту. 5 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 28.08.2018 № 5464а және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 28.08.2018 № 366 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының Украинка ауылының көшелеріне "Шапағат", "Табиғат" және "Наурыз" атаулары берілсін.

      7. Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының Кеңес Нокин ауылының көшесіне "Достық" атауы берілсін.

      Ескерту. 7 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 28.08.2018 № 5464а және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 28.08.2018 № 366 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының Ясное ауылының көшесіне Ахметжан Қойшығұлов есімі берілсін.

      Ескерту. 8 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 28.08.2018 № 5464а және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 28.08.2018 № 366 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қаласының әкімі С.Нокин
      Ақтөбе қалалық мәслихатының
сессия төрағасы
Т.Хамитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады