Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008 жылдағы 12 сәуірдегі кезектен тыс алтыншы сессиясының N 68 шешімі. Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2008 жылдың 28 сәуірде N 3-1-88 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 129 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548 Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, "Күнкөріс деңгейі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N 474-1 Заңының 4 бабының 3 тармағына сәйкес, азық-түлік бағасының көтерілуіне байланысты аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қорғау мақсатында Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Әр отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар есебінен бір айлық есеп көрсеткіші көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.

      2. Әлеуметтік көмек ақшалай қалалық бюджет қаражаты есебінен ай сайын алушылардың жеке есеп шотына аударма жасау жолымен көрсетіледі.

      3. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

       Сессия төрағасы                 А.Айтжанов
       Мәслихат хатшысы                С.Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады