Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Жамбыл ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімінің 08.02.2016 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2017 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
1. Жамбыл ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жамбыл ауылының кейбір көшелері қайта аталсын:
1) Ленин көшесін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, философ Абай Құнанбаевтың есімімен;
2) Советская көшесін қоғам қайраткері, Қазақстан мәдениет министрі болып халқына адал қызмет атқарған Темірбек Жүргенов есімімен.
3) Бұрынғы Абай Құнанбаев көшесін Т.Шевченко көшесімен біріктіріп бір ғана көше Т.Шевченко есімімен;
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауылдық округінің әкімі: | Қ.Бигалиев |