Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 25 маусымдағы № 1 "Көшелер атауын өзгерту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 сәуірде № 5388 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жамбыл ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 25 маусымдағы № 1 "Көшелер атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-53 тіркелген, 2008 жылғы 21 тамыздағы аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
      қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жамбыл ауылдық
      округінің әкімі К.Бигалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады