Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қайрақты селолық округі әкімінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 16 шілдеде N 3-2-57 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына сәйкес Қайрақты селолық округ Әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:    

      1. Қайрақты селолық округі халқының пікірін ескере отырып, Талдық ауылының көшелеріне атау берілсін:
      1) "Талдық" көшесі ауыл Талдық өзенінің жағасында орналасқандықтан.
      2) "Нұрман Әлдекешов" көшесі Социалистік Еңбек Ері Талдық ауылынан шыққан белгілі азамат, Ленин орденімен марапатталған "1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін" медалінің иегері.
      3) "Әйтеке би" көшесі қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан, мемлекет қайраткері. Кіші жүздің бас биі.
      4) "Әлия Молдағұлова" көшесі Кеңес Одағының батыры, шығыстың қос шынарының бірі.
      5) "Мәншік Мәметова" көшесі, Кеңес Одағының батыры, шығыстың қос шынарының бірі.

      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қайрақты селолық
      округінің әкімі:        Қ.Шманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады