Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Үшқатты ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Үшқатты ауылдық округінің әкімінің 09.02.2016 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.03.2017 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
1. Үшқатты ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Үшқатты ауылының кейбір көшелері қайта аталсын.
1) Советская көшесі – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан мемлекет қайраткері Әйтеке би есімімен;
2) Ленин көшесі – ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор қазақ деген халықты әлемге тант еткен адам.Қазақтың біртуар ұлы Абай есімімен;
3) Мира көшесі – 1986 жылы желтоқсан айы Тәуелсіздік алу үшін алғашқы қадам – Желтоқсан көшесі
4) Автобазовская – Қазақстан мен орта Азияда азамат соғысына белсене қатысушы, мемлекет қайраткері. Торғайда шығатын "Қазақ мұңы" газетінде істеген. Біздің жерлесіміз, ең алғашқы – ғылым Академигі – Темірбек Жүргенов есімімен;
5) Привокзальная – Үшқатты ауылының негізінде ең тұңғыш мекемесі – Теміржолшылар.
6) Молодежная – 1991 жылы көше жаңадан құрылысын бастаған жас құрылысшылар – Жастар есімімен;
7) Амангелды көшесі – халық батыры Амангелді Иманов есімімен.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үшқатты ауылдық округ әкімі: | Б.Ж.Алдабергенов |