1. Үшқатты селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2008 жылғы 23 маусымдағы № 1 "Көшелерді қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 3-2-49 болып тіркелген, 2008 жылғы 7 тамыздағы аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тіліндегі көрсетілген шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтінінде "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы" мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталынсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үшқатты ауылдық округінің әкімі: | Г. Алдабергенова |