Бір жолғы талон мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы N 46 шешімі. Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 11 сәуірде N 3-6-61 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 140 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2009.04.24 № 140 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 373 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Бір жолғы талондардың бір күнгі құнының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Төменде көрсетілген аудандық мәслихаттың шешімдерінің күштері жойылды деп танылсын:
      1) Ақтөбе облыстық әділет басқармасында 2002 жылдың 05 ақпанда № 1465 болып тіркелген 2001 жылғы 26 желтоқсандағы №6 «Бір жолғы берілетін талондарға мөлшерлемені бекіту туралы»;
      2) Ақтөбе облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 08 ақпанда № 2325 болып тіркелген 2003 жылғы 07 шілдедегі № 5 «Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 26 желтоқсандағы № 6 «Бір жолғы берілетін талондарға мөлшерлемені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
      3) Қарғалы аудандық әділет басқармасында 2005 жылғы 19 мамырында № 3-6-3 болып тіркелген 2005 жылғы 15 сәуірдегі №5 «Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 26 желтоқсандағы № 6 «Бір жолғы берілетін талондарға мөлшерлемені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
      4) Қарғалы аудандық әділет басқармасында 2006 жылғы 03 сәуірде № 3-6-34 болып тіркелген 2006 жылғы 17 наурыздағы № 7 «Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 26 желтоқсандағы № 6 «Бір жолғы берілетін талондарға мөлшерлемені бекіту туралы» шешіміне қосымша енгізу туралы»;
      3. Осы шешім алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарғалы ауданы бойынша салық комитетіне жүктелсін.

      Аудандық мәслихат       Аудандық мәслихат
    сессиясының төрағасы           хатшысы

      С.Алмагамбетов             Ж.Құлманов

Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 27 наурыздағы
№ 46 шешіміне
Қосымша

Бір жолғы талондардың бір күнгі құнының мөлшері

№ р/н Кәсіпкерлік қызметтің түрлері Төлем сомасы (теңге)

1

Газет пен журналдарды сату

20

2

Тұқымдарды, сонымен қатар отырғызуға арналған материалдарды (бұтақтар, екпелер) сату

20

3

Бақшалық өнімдерді сату

300

4

Үй жанындағы және саяжай учаскелеріндегі өсірілген гүлдерді сату

50

5

Қосымша ауыл, бақша шаруашылықтарының өнімдерін сату: сүт – 20 л. жоғары

30

6

Қосымша ауыл, бақша шаруашылықтарының өнімдерін сату: ет – 20 кг. жоғары

100

7

Қосымша ауыл, бақша шаруашылықтарының өнімдерін сату: картоп, көкөніс – 50кг. жоғары

100

8

Қосымша ауыл, бақша шаруашылықтарының өнімдерін сату: жеміс-жидектер – 20 кг. жоғары

30

9

Жер учаскелерін өңдеу жөнінде жеке трактор және мотоплуг иелерінің қызметтері

200

10

Жолаушыларды тасымалдау бойынша жеке жеңіл көлік иелерінің қызметтері (лицензиялық тасымалдаудан басқа):

180

11

Үй жануарларын жайлау бойынша қызметтер

40

12

Азық-түлік тауарларын сату

140

13

Өндірістік тауарларын сату

120

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады