Байторысай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байторысай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 22 желтоқсанда № 3-8-63 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің атауына өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байторысай ауылдық округі әкімінің 13.03.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемесінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байторысай ауылдық округі әкімінің 11.10.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Байторысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байторысай ауылдық округі әкімінің 17.05.2019 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Байторысай ауылдық округінің елді мекендер көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      Байторысай ауылында - Бөкенбай батыр, Торанғұл, Бірінші Мамыр, Абай Құнанбаев, Марат Оспанов, Тың, Жеңіс, Набережная, Ардагер, Желтоқсан;

      Полтавка ауылында - Есет Көкіұлы, А.Г. Батурин, Жастар;

      Дмитриевка ауылында - Достық, Бейбітшілік;

      Покровка ауылында - Д.М. Кузьменко, Әлия Молдағұлова, Жеңіс, Есет батыр, Құлақбай.

      Ескерту. 1-4 тармақтар 1 тармаққа біріктірілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байторысай ауылдық округі әкімінің 13.03.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байторысай ауылдық округі әкімінің 07.06.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байторысай ауылдық округінің әкімі А.Б. Күзенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады