1. Байторысай селолық округі әкімінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1 "Байторысай селолық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-63 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтарда "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауында "селолық", "округіне қарасты" сөздері "ауылдық", "округінің" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі атауында "названий" сөзі "наименования" сөзімен ауыстырылсын;
кіріспесіндегі ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы №45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" деген сөздері алынып тасталсын;
шешімнің 1, 2, 3, 4 тармақтары біріктірілсін және мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Байторысай ауылдық округінің елді мекендер көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Байторысай ауылында - Бөкенбай батыр, Торанғұл, Бірінші Мамыр, А.Құнанбаев, М.Оспанов, Тың, Жеңіс, Набережная, Ардагер, Желтоқсан;
Полтавка ауылында - Есет Көкіұлы, А.Г. Батурин, Жастар;
Дмитриевка ауылында - Достық, Бейбітшілік;
Покровка ауылында - Д.М. Кузьменко, Ә. Молдағұлова, Жеңіс, Есет батыр, Құлақбай".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байторысай ауылдық округінің әкімі | Қ. Жұмабаев |