Байторысай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1 "Байторысай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байторысай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 7 маусымдағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 18 маусымда № 3-8-181 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байторысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байторысай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1 "Байторысай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-63 болып енгізілген, 2009 жылғы 7 қаңтарында аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің мәтінінде қазақ тіліндегі "А. Құнанбаев", "М. Оспанов", "Ә. Молдағұлова" сөздері "Абай Құнанбаев", "Марат Оспанов", "Әлия Молдағұлова" сөздерімен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің мәтінінде орыс тіліндегі "Абая Кунанбаева", "Марата Оспанова", "Алии Молдагуловой" сөздері "Абай Кунанбаев", "Марат Оспанов", "Алия Молдагулова" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байторысай ауылдық округінің әкiмi Қ. Жұмабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады