1. Қызылжыр селолық округі әкімінің "Қызылжар селолық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-69 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтарда "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) 2008 жылы 22 желтоқсандағы № 1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "округіне қарасты" сөздері "ауылдық", "округінің" сөздерімен ауыстырылсын;
кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталсын;
шешімнің орыс тіліндегі атауында "названий" сөзі "наименования" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің 1, 2, 3 тармақтары біріктірілсін және мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қызылжар ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Андреевка ауылында – Есет Батыр, Абай Кұнанбаев, 10-жылдық Астана, Еңбек;
Студен ауылында – Абай, Бейбітшілік, Есет Батыр, Жағалау, Ыбырай Алтынсарин, Болашақ, Орталық;
Шевченко ауылында - 10-жылдық Астана, Тәуелсіздік, Мұхтар Әуэзов, Ф.Ф.Озмитель, Ардагерлер, Қобыланды батыр."
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі: | А. Ахметов |