1. Құрмансай ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1 "Құрмансай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-68 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі ", Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономостикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" деген сөздері алынып тасталсын;
орыс тіліндегі шешімнің атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "названий", "аульного", "аульном" сөздері "наименования", "сельского", "сельском" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің 1 тармағы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Құрмансай ауылдық округінің келесі елді мекендерінің көшелеріне атаулар берілсін:
1) Құрмансай ауылында: Қазақстан, Жастар, Жамбыл, Абай Құнанбаев, Қобланды батыр, Д. Қонаев, Исатай батыр, Ы.Алтынсарин, Ақтөбе, Ж.Кереев;
2) Черемушкі ауылында: Некрасов, Асау Барақ, Абай Құнанбаев, Сәңкібай Батыр, Т.Рысқұлов;
3) Ефремовка ауылында: Декабристер;
4) Чайда ауылында: Ә.Жангельдин, Есет батыр;
5) Ново-Донцы ауылында: Әлия Молдағұлова, Бөкенбай батыр.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Құрмансай ауылдық округінің әкімі | М. Жамаладинов |