1992 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімиятының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 7 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 25 желтоқсанда N 3-10-88 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 8 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2009.12.07 № 8 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 3, 17, 44-бабтарына сәйкес аудан әкімі Шешім етеді:
       1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің күшімен 2009 жылдың 1 қаңтарынан 31 наурыз айларының аралығында 1992 жылы туылған азаматтарды аудандық қорғаныс істері бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеу жүргізілсін.
       2. Жергілікті округ әкімдері, мекеме, ұйымдар басшылары аудандық қорғаныс істері бөліміне кезекті тіркеуден өтетін азаматтарды ұйымшылдықпен келуіне және осы мақсаттар үшін қажетті көлік бөлуге, құжаттар дайындауға шаралар алынсын.
       3. Аудандық емхананың бас дәрігеріне /Е.Балбосынов/, аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріне /Т.Маженов/:
      1) шақыру учаскесін қажетті дәрігерлермен, қызмет етуші адамдармен қамтамасыз ету;
      2) барлық сауықтыруды қажет ететін жастарды емдеу мекемесіне бекіту;
      3) дәрігерлік комиссия жұмысын дәрігерлік құралдармен, дәрі-дәрмектермен, санитарлық-шаруашылық заттармен қамтамасыз ету;
      4) кезекті тіркеу және нағыз әскери қызметке шақыру кезінде жетіспейтін дәрігер мамандарға облыстық сауықтыру бөліміне сұраныс жіберу тапсырылсын.
       4. Темір аудандық ішкі істер бөліміне /А.Дәулетов/ шақыру және жастарды кезекті тіркеу кезінде жиналу пункттерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
       5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі /А.Қожатілеу/ жасөспірімдерді шақыру учаскесіне кезекті тіркеу кезінде құжаттарды толтыру үшін техникалық қызметкерлер бөлсін.
       6. Осы шешімнің орындалуы барысы және қорытындысы туралы аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы /С.Қосмамбетов/ аудан әкіміне 2009 жылдың 10 сәуірінде хабарласын.
       7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Өтеповке жүктелсін.
       8. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                    М.Серікбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады